Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


тақырып. ХIХ ғ бейклассикалық философия



бет91/175
Дата19.10.2023
өлшемі2.79 Mb.
#481135
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   175
lektsii po filosofii

10 тақырып. ХIХ ғ бейклассикалық философия.
1.Бейклассикалық философияның ерекшелігі.
2 Шопенгауердің,Кьеркогердың философиясы.
Сонымен, жоғарыдағы тарауларда көрсеткенiмiздей, ХУIII ғ бастап Батыс философиясында рационализм бағыты өзiнiң кемелiне келiп, философияның негiзгi iргетасына айналады. Бiр қарағандағы материализм мен идеализм бағыттарының арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан - осы екi негiзгi ағымның негiздерiнде адамның ақыл-ойына деген сенушiлiк, адамзаттың болашақ өрлеуiне күмән келтiрмеушiлiк , ал маркстiк философияны алар болсақ, онда тiптi ақыл-ойдың негiзiнде болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзаты тек жағалай ортаны күрт өзгертiп қана қоймай, сол iс-әрекеттiң негiзiнде адамның өзiнiң табиғаты өзгеретiндiгiне сену байқалды.
Бiрақ, сол кездегi өмiрдегi қоғамдық қатынастар мұндай оптимистiк өмiршеңдiк көзқарастарға бiрте-бiрте күмәндәнудi туғызды. Бiрiншiден, күннiң жарық сәулесiнiң шығуын асыға күткендей сияқты шаттықпен қарсы алынған ұлы Француз революциясы үлкен төңкерiстерге ғана әкелiп қоймай, сонымен бiрге зор қантөгiс, зорлық-зомбылыққа ұласып, одан күткен үмiттердi жоққа шығарды. 1848-49 ж.ж. бiршама Европа елдерiн дүр сiлкiндiрген буржуазиялық-демократиялық революциялар да олардан күткен үмiттi ақтамады, ал 1871 ж. Париж коммунасының тәжiрибесi марксизмнiң “жұмысшы табының диктатурасының қажеттiгi² жөнiндегi идеяларды тудырып, көп ойшылдардың жалпы ағарту, адамзаттың өрлеуiне деген көзқарастан, ақыл-ойдың құдiреттi күшiне сенуден бас тартып, оларға түңiлуiне әкелiп соқты.
Осы көрсетiлген және басқа себептер рационализм ағымына, яғни жалпы классикалық философияға, дискурсивтiк ( discursus - латын сөзi,- ақыл-ойға, қисынға негiзделген тұжырымдар) ойлау әдiсiне деген терiс пiкiрлердi оятып, оларға қарсы бағытталған философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көштi бастаған немiс философы А.Шопенгауер мен Дания ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуi де Гегельдiң панлогистiк көзқарасын сынаудан бастады.
Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық² қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде бiз Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз.
Рационализм бағытына қарсы шыққан екiншi философ - А.Шопенгауер болды. Оның ойынша, дүниенiң негiзiнде материя, я болмаса сана, рух жатыр деген көзқарастар - жалған пiкiрлер. Философияның тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған iс-әрекеттер - оны ғылыми дәрежеге көтеруге бағытталған үмтылыс - оны үлкен дағдарысқа әкелiп соқты. Шынына келгенде, философия - ғылым емес, ол өнердiң бiр түрi. Өйткенi, дүниенiң негiзiнде жатқан нәрсе - ол ессiз, бейсаналық әлемдiк ерiк. Ендi, мiне, Шопенгауердiң философиясына толығынан тоқталуға мүмкiндiк келдi, екiншi жағынан, ойшылдың көп идеялары бүгiнгi дағдарыстағы қоғамдағы адамдардың сана-сезiмiнде бiршама қызығушылық тудырып отырғаны құпия емес .
А.Шопенгауердiң әлемдiк Еркi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет