“Элементтердің қасиеттері атом ядросының оң зарядының шамасы өскен
сайын периодпен қайталанып отырады.”
4-дәріс.Химиялық реакциялардың энергетикасы
Термохимия – химиялық реакциялардың жылу эффектісінің мөлшерін зерттейтін
химияның жеке саласы. Химиялық реакцияның барысында әрекеттесуші заттардағы ескі
химиялық байланыстар үзіліп жаңа байланыстар түзіледі. Ескі байланыстарды үзу үшін
энергия қажет, ал жаңа байланыстар үзілгенде энергия бөлінеді. Осы энергиялардың
айырмасы реакцияның жылу эффектісін құрайды. Жаңа байланыстар түзілгенде бөлінген
энергия ескі байланыстарды үзуге кеткен энергиядан артық болса, реакция нәтижесінде
жылу бөлінеді. Мұндай реакцияларды экзотермиялық деп атайды. Ал керісінше, жаңа
байланыстар түзілгенде бөлінген энергия ескі байланыстарды үзуге кеткен энергиядан кем
болса, реакция нәтижесінде жылу сіңіріледі. Мұндай реакцияларды эндотермиялық деп
атайды.
Стандартты жағдайда (t
o
= 298К, P = 101,3 кПа ) қарапайым заттардан заттың
1 молі түзілгенде бөлінген немесе сіңірілген энергия заттың стандартты түзілу
энергиясы (энтальпиясы) деп аталады. Заттардың түзілу жылулары мен түзілу
энтальпияларының мөлшері бір-біріне тең, тек белгілері қарама-қарсы:
Q
о
түзілу
= [- ΔН
о
түзілу
]
Энтальпия – жүйенің жылу қорының өзгерісінің көрсеткіші. Өзгеріс таңбасы оң
не теріс болуы мүмкін. Экзотермиялық реакция нәтижесінде жүйе энергия қорының біраз
бөлігін жылу эффектісі түрінде жоғалтады, сондықтан жылу эффектісінің мәні оң сан болады
да, энтальпияның мәні теріс сан болады. Эндотермиялық реакция нәтижесінде жүйенің
энергия қоры өседі, сондықтан энтальпия өзгерісі оң сан болады, ал реакцияның жылу
эффектісінің мәні теріс сан болады. Қарапайым заттардың түзілу жылулары (энтальпиялары)
нольге тең. Энтальпияның өлшем бірлігі жылу эффектісінің өлшем бірлігімен бірдей –
кдж/моль. Қарапайым заттардың түзілу жылулары (энтальпиялары) нольге тең.
Жылу эффектісінің мөлшері көрсетіліп жазылған химиялық реакция теңдеуі
термохимиялық теңдеу деп аталады. Термохимиялық теңдеулерге мысалдар:
С
(кр)
+ О
2(г)
СО
2(г)
ΔН
о
- 393,5 кдж/моль
½ N
2 (г)
+ ½ О
2(г)
NО
(г)
ΔН
о
+ 91 кдж/моль
|