Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
Келтірілген мысалдардан қарапайым заттардан көмірқышқыл газының 1 молі
түзілгенде 393,5 кдж энергия бөлінетіндігін, ал азот (І) оксидінің 1 молі түзілгенде 91 кдж
энергия сіңірілетіндігін көреміз.
Термохимиялық теңдеулерде міндетті түрде заттардың агрегаттық жағдайлары
көрсетіледі, себебі – зат бір агрегаттық жағдайдан екінші агрегатық жағдайға өткенде де
энергия сіңіріледі немесе бөлінеді. Мысалы, бу конденсацияланып суға айналғанда жылу
бөлінеді, керісінше суды буға айналдыру үшін энергия жұмсау керек:
Н
2
О
(г)
Н
2
О
(с)
ΔН
о
- 44 кдж/моль
Н
2
О
(с)
Н
2
О
(г)
ΔН
о
+ 44 кдж/моль
Химиялық қосылыстардың стандартты түзілу жылулары (энтальпиялары) жеке
анықтамылық кітаптарда және оқулықтардың анықтамалық бөлімдерінде көрсетіледі.
Химиялық реакциялардың жылу эффектілерінің практикалық мәні зор. Мысалы,
көмір жанғанда бөлінген энергияны жылу энергиясы станцияларында электр тоғына
айналдырады. Қазақстанда Екібастұз, Ақсу жылу энергиясы станциялары жұмыс істейді.
Ішкі жану двигателінде жанар майдың жануы нәтижесінде бөлінген жылу энергиясы
автомобильдің моторын айналдырады, яғни механикалық энергияға айналады.
1840 ж термохимияның негізін салушы ғалым Гесс жылу эффектісінің тұрақтылығы
жөніндегі заңды ашқан: “Химиялық процестің қорытынды жылу эффектісі
реакцияның сатыларына байланысты емес, тек заттардың бастапқы және соңғы
түрлері мен жағдайларына байланысты.”
Гесс заңы бойынша:
1.Термохимиялық теңдеулерді кәдімгі химиялық теңдеулер сияқты бір-біріне қосуға, бір-
бірінен алуға болады, бүтін сандарға көбейтуге болады.
2.Термохимиялық теңдеулерді пайдалана отырып заттардың түзілу жылуларын және
реакцияның жылу эффектісін есептеп шығаруға болады.
3. Реакцияның жылу эффектісі (энтальпиясы) реакция өнімдері мен бастапқы заттардың
жылу эффектілерінің (энтальпияларының) айырмашылығына тең:
Q
о
реакция
=
ν
Q
о
өнімдер
-
ν
Q
о
бастапқы заттар
ΔН
о
реакция
=
ν
ΔН
о
өнімдер
-
ν
ΔН
о
бастапқы заттар
|