Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
t
C





Тура реакцияның, яғни өнiмнiң түзiлу жылдамдығының таңбасы оң, ал бастапқы 
заттар концентрациясының азаю жылдамдығының таңбасы терiс болады. Химиялық 
реакцияның жылдамдығы келесi факторларға тәуелдi: 

Әрекеттесушi заттардың табиғатына. 

Заттардың концентрациясына. 

Температураға. 

Катализаторға. 

Қысымға (газдар үшін). 
Химиялық реакцияның жылдамдығына концентрацияның әсерi.
Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелдiлiгiн әрекеттесушi массалар заңы 
сипаттайды: Тұрақты температурада химиялық реакцияның жылдамдығы 
әрекеттесушi заттардың мольдық концентрацияларының көбейтiндiсiне тура 
пропорционал. Мысалы, мына реакцияның А + В = С жылдамдығы тең болады:
υ = k ∙ [A] ·[B] 
Осындағы: [А], [В] - әрекеттесушi заттардың мольдiк концентрациялары;
k – жылдамдық константасы.
Жылдамдық константасы әрекеттесушi заттардың табиғатына, температураға тәуелдi, ал 
концентрацияға тәуелдi емес. 
Химиялық реакция теңдеуiндегi әрекеттесушi заттардың молекулаларының алдында 
стехиометриялық коэффициенттер болса, олар жылдамдық формуласындағы мольдiк 
концентрациялардың дәреже көрсеткiштерiне айналады. Мысалы, мына реакцияның mА + 
nВ = pС жылдамдығы тең болады:
υ = k∙ [A]
m
·[B]

Әрекеттесушi заттың бiрi қатты зат болса, оның мөлшерi кинетикалық теңдеуге 
кiрмейдi, себебi - реакцияның жылдамдығы қатты заттың барлық мөлшерiне тәуелдi емес.
Реакцияға қатты заттың тек беткi қабатындағы молекулалар ғана бiртiндеп түседi. Қатты зат 
реакцияға толық түсiп болғанша бет қабатының ауданы тұрақты болып қала бередi.Мысалы, 
көмiртегiнiң жану реакциясының С + О
2
= СО
2
жылдамдығы мына формуламен анықталады: 
υ = k · [O
2
] ·S көмiртегi 
осындағы S көмiртегi (көмiртегiнiң бет ауданы) тұрақты шама болғандықтан 
көмiртегiнiң жану реакциясының жылдамдығы тек оттегiнiң концентрациясына тура 
пропорционал:
υ = k · [O
2
]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет