Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


Реакция жылдамдығына температураның әсері



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
лекции химия

Реакция жылдамдығына температураның әсері. Температура жоғарлаған сайын 
әрекеттесушi заттардың қозғалысы күшейiп, бөлшектердiң соғтығысуы жиiленiп, 
реакцияның жылдамдығы артады. 
Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелдiлiгi Вант-Гофф 
ережесiмен сипатталады: Температура әр 10
0
–қа жоғарлаған сайын химиялық
реакцияның жылдамдығы 2 – 4 есе артады. Бұл ереже математикалық түрде былай 
өрнектеледi: 
n
t
t
t
t
t
t
t















1
1
1
2
1
2
10
10


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Осындағы 
0
2
2
t
t


- температурадағы жылдамдық; 
0
1
1
t
t


- температурадағы жылдамдық; 
Δt – t
о
2
және t
о
1
температураларының айырмашылығы;
n - әрбiр он градустардың саны; 
γ - жылдамдықтың температуралық коэффициентi, сандық мәнi 2- 4 аралығында 
болады. 

 
Реакция жылдамдығына катализатордың әсері. Химиялық реакциялардың 
жылдамдығын арттыратын, бірақ реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін заттарды 
катализаторлар деп атайды. Катализатор реакцияның өтпелі сатыларына белсеңді түрде 
қатысып реакцияның активтелу энергиясын төмендетеді, сол себептен реакцияның 
жылдамдығы 
артады. 
Катализаторлардың 
қатысуымен 
химиялық 
реакцияның 
жылдамдығының өзгеруiн катализ деп атайды. Катализ екi түрге болiнедi: а) гомогендi 
катализ; б) гетерогендi катализ. Гомогендi катализде әрекеттесушi заттар мен катализатор бiр 
фазада болады. Ал әрекеттесушi заттар мен катализатор әртүрлi фазада болса, гетерогендi 
катализ деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет