Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
Осы формуладағы k
1
мен k
2
тура және кері реакция жылдамдықтарының
константалары, тұрақты шамалар. Бұл тұрақты шамалардың бiр-бiрiне қатынасы да тұрақты
шама болады. Ол шама химиялық тепе-теңдiктiң константасы деп аталады, мына өрнекпен
анықталады:
b
a
d
c
тендiк
тепе
B
A
D
C
k
k
К
2
1
[А], [В], [С], [Д] – заттардың тепе-теңдiктегi концентрациялары, моль/л.
Химиялық тепе-тендiктiң константасы температураға, заттардың табиғатына тәуелдi,
бiрак концентрацияға тәуелдi емес. Тепе-тендiктiң константасы тура реакцияның керi
реакциядан қаншалықты артық немесе кем жылдамдықпен жүретiндiгiнiң көрсеткiшi. Тепе –
теңдiк константасы бүтiн үлкен сан болса (К
1), тепе –теңдiк жағдайда жүйеде реакция
өнiмдерiнiң концентрациясы басым болады, ал бөлшек аз сан болса (К
1) – бастапқы
заттардың концентрациясы басым болады.
Қайтымды реакцияның параметрлерi өзгерiп, тепе-тендiк ығысқанмен тепе-тендiк
константасының сандық мәнi өзгермейдi. Тепе-теңдiктiң ығысу бағытын Ле-Шателье
принципi сипаттайды: “Тепе-тендiкте тұрған жүйенің бiр параметрi өзгертілсе, жүйеде
осы өзгерістi азайтуға бағытталған процесстер жүредi.” Мысалы,
а) бастапқы заттардың концентрациясы жоғарлатылса - тура реакцияның жылдамдығы
артады;
б) реакция өнiмдерiнiң концентрациясы жоғарлатылса – керi реакцияның жылдамдығы
артады;
в) температура жоғарлатылса – тепе-теңдiк эндотермиялық реакцияның жүру бағытына
карай ығысады;
г) температура төмендетiлсе – экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады;
д) қысым жоғарлатылса - тепе-теңдiк молi саны аз бағытқа қарай
е) қысым төмендетiлсе – моль саны көп бағытқа қарай ығысады.
Егер реакция теңдеуінің екі жағында да заттардың моль сандары тең болса, тепе-
теңдiкке қысым әсер етпейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |