1.Ірі дисперсті ерітінділер. Еріген зат бөлшектерінің радиусы 10
-7
-10
-5
м аралығында
болады. Мұндай ерітінділерге жатады: цемент пен ізбес ерітінділері, саздың судағы
суспензиясы, көбіктер, эмульсиялар және т.б. Ірі дисперсті ерітінділер гетерогенді жүйелер
болып табылады. Ірі дисперсті ерітінділер тұрақсыз – біраз уақыт өткесін дисперсті фаза
(еріген зат) дисперсті ортадан (еріткіштен) өзінен өзі бөлінеді. Ірі дисперсті ерітіндідегі
еріген зат бөлшектерін микроскоп арқылы көруге болады.
2.Коллоидты ерітінділер. Еріген зат бөлшектерінің радиусы 10
-9
-10
-7
м аралығында
болады. Бұл топқа жатады маңызды физиологиялық сұйықтар (сүт, қан, лимфа, т.б.) бағалы
және жартылай бағалы табиғи тастар және т.б. Коллоидты ерітінділер – микрогетерогенді
жүйелер. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы жоғары, бірақ олар да уақыт өткен сайын
ыдырайды, себебі – оларды алу үшін сырттан энергия жұмсалады (ΔН
> 0). Коллоидты
ерітіндідегі еріген зат бөлшектері микроскоп арқылы көрінбейді.
3. Шын ерітінділер. Еріген зат бөлшектерінің радиусы 10
-9
м кем болады. Бұл топқа
қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың, спирттің, қанттың, т.б. заттардың судағы
ерітінділері жатады. Шын ерітінділер – гомогенді жүйелер. Шын ерітінділерде еріген зат
молекула немесе ион күйінде болады. Шын ерітінділер өте тұрақты, олардың түзілуі -
өздігінен жүретін процесс, олар түзілгенде жүйенің энтропиясы өседі (ΔS > 0 ), Гиббс
энергиясы төмендейді
(ΔG < 0).
Көптеген тұздар суда ерігенде энергия сіңіріледі. Ал кейбір тұздар (СаСІ
2
, Nа
2
СО
3
,
т.б.) ерігенде керісінше энергия бөлінеді. Энергия бөлінеді газдар (SО
3
, НСІ, т.б.), сұйықтар
(конц. Н
2
SО
4
, 96% С
2
Н
5
ОН, т.б.) суда ерігенде. Заттың бір молі ерігенде бөлінетін немесе
сіңірілетін жылу мөлшері еру жылуы деп аталады.
Кристалл зат ерігенде ең бірінші кристалдық тордағы химиялық байланыстар үзілуі
керек, ол үшін энергия қажет. Сонымен қатар еріген зат пен еріткіш арасында әрекеттесулер
жүреді, соның нәтижесінде жылу бөлінеді. Осы екі процестің жылу эффектілерінің
арақатынасына байланысты еру процесінің нәтижесінде жылу бөлінеді немесі сіңіріледі.
Жалпы алғанда еріген зат пен еріткіштің арасындағы әрекеттесу –сольватация, ал
әрекеттесу нәтижесінде түзілген өнімдер сольваттар деп аталады. Егер еріткіш су болса,
әрекеттесу - гидратация, ал өнімдер - гидраттар деп аталады. Гидраттар – тұрақсыз заттар.
Көптеген гидраттар ерітінді қайнағанда ыдырайды. Бірақ кейбір гидраттардың тұрақтылығы
жоғары, олар еріткіш ұшып кеткенде кристаллогидрат түрінде бөлінеді. Мысалы:
|