Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


-дәріс. Электролит ерітінділері. Электролиттік диссиоциация



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
лекции химия

7-дәріс. Электролит ерітінділері. Электролиттік диссиоциация 

Электролит деп суда ерігенде су молекулаларының әсерінен иондарға ыдырайтын заттарды 
айтады. Электролиттер шын электролиттер және потенциалды электролиттер деп екіге 
бөлінеді. Шын электролиттерге молекулалары иондық байланыс арқылы түзілген заттар - тұздар, 
металл гидроксидтері жатады, қатты күйінде олардың иондық торлары болады. Балқытқанда 
және полярлы еріткіште еріткенде кристалдық торлары бұзылып шын электролиттер иондарға 
ыдырайды. Потенциалды электролиттер – полюсті ковалентті байланысы бар молекулалық 
заттар. Суда еріткенде молекуладағы полюсті ковалентті байланыс үзіліп гидратталған иондар 
түзіледі. Мысалы, хлорлы сутек газының молекуласы суда ерігенде иондарға ыдырайды: 
НСІ (газ) + Н
2
О ↔ Н
3
О

(ерітіндідегі ион) + СІ
-
(ерітіндідегі ион) 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
1887 ж швед ғалымы Сванте Аррениус қышқылдардың, негіздердің және тұздардың судағы 
ерітінділерінің электрөткізгіштік қасиетке ие екендігін ашып, суда ерігенде олар иондарға 
ыдырайды (диссоциацияланады) деген пікір айтып, электролиттік диссоциация теориясын ұсынған.
Электролиттік диссоциация теориясының негіздері:
1.Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады). 
2.Электр тогы әсерінен оң ион катодқа (теріс полюске) тартылады – оны катион деп атады. Ал 
теріс ион анодқа (оң полюске) тартылады – оны анион деп атайды. 
3. Диссоциация қайтымды процесс. Жүйеде молекуланың иондарға ыдырауымен (диссоциация) қатар 
иондардың қайта қосылып молекула түзу процесі (ассоциация) бір уақытта қатарлас жүреді. 
Диссоциация теңдеуі қайтымдылық белгісі (

) қойылып жазылады. Мысалы, жалпы түрде КА 
затының диссоциациясы былай жазылады:
КА 

 К
+
+ А


Электролит ерітінділерін зерттеу олардың Вант-Гофф, Рауль заңдарына бағынбайтындығын 
көрсетті. Электролит ерітінділерінің осмостық қысымы, қату температурасының төмендеюі, 
қайнау температурасының артуы іс жүзінде теориялық есептеулерге қарағанда біршама артық 
болды. Вант-Гофф, Рауль заңдарын электролит ерітінділеріне қолдану үшін изотондық 
коэффициент деп аталатын і – коэффициентін енгізді. Сонда электролит ерітіндісінің осмостық 
қысымы мына формуламен анықталады: Р = iСRT 
Изотондық коэффициент іс жүзінде анықталған Р, ∆t
о 
қату, ∆t
о
қайнау мәндерінің олардың 
теориялық есептеулер арқылы алынған мәндерінен қанша есе артық екендігін көрсетеді: 
і
Ртеор
Рэксп
=
теор
кату
t
эксп
кату
t
о
о
,
,


=
теор
кайнау
t
эксп
кайнау
t
о
о
,
,


 
Әдетте изотондық коэффициент мәні нақты сан болады. Мысалы, і = 2 болса, ерітіндідегі иондар 
саны екіге тең, і = 3 болса - иондар саны үшке тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет