Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет34/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
лекции химия

Күшті электролиттер. Күшті электролиттер суда ерігенде толығымен иондарға 
диссоциацияланады, бірақ түзілген иондар активтілігін толық көрсете алмайды. Себебі - 
ерітіндіде әр ионның қарама-қарсы зарядталған иондардан тұратын “иондық атмосферасы” 
болады. Мысалы, калий хлориді ерітіндісінде әр К
+
ионы бірнеше СІ
-
иондарымен, ал әр СІ

ионы 
бірнеше К
+
иондарымын қоршалып тұрады. Осының салдарынан иондардың қозғалғыштығы 
тежеледі, сондықтан иондар өздерінің шын мәніндегі концентрациясын көрсете алмайды. 
Әр аттас иондардың бір-біріне кедергі жасау дәрежесін сипаттау үшін ионның активтілігі
деген ұғым енгізілген. Ионның активтілігі мен концентрациясының арасындағы тәуелділік 
математикалық түрде былай өрнектеледі:
с

 = f немесе

 α = f · c 
осындағы: α – ионның активтілігі; f – ионның активтілік коэффициенті. 
Сұйытылған ерітінділерде f = 1, сондықтан α = c болады, яғни ерітіндіде әр аттас иондар бір-
біріне кедергі жасамайды. Концентрлі ерітінділерде f < 1, сондықтан α < c болады, себебі әртүрлі 
зарядталған иондар бір-біріне кедергі жасайды. Неғұрлым электролит ерітіндісінің 
концентрациясы жоғары болған сайын, солғұрлым ионның активтілігі төмендей түседі. Ионның 
активтілік коэффициенті ерітіндінің иондық күші арқылы есептеледі:
lgf = - 0,5 Z
2
 · 
μ, 
осындағы: Z – ионның заряды; μ – ерітіндінің иондық күші. 
Электролиттің концентрациясы жоғарлаған сайын ерітіндінің иондық күші арта түседі. 
Ерітіндінің иондық күші артқан сайын иондардың активтілігі төмендейді. Ерітіндінің иондық 
күші ерітіндідегі барлық иондардың мольдік концентрациялары мен зарядтарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет