Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


элементтердің тотығу дәрежелерi өзгерiске ұшырайтын процестер тотығу-



Pdf көрінісі
бет41/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
лекции химия

элементтердің тотығу дәрежелерi өзгерiске ұшырайтын процестер тотығу-
тотықсыздану реакциялары деп аталады. ТТР – параллель жүретiн қарама-қарсы 
бағытталған екi процестен – тотығу және тотықсыздану реакцияларынан тұрады. 
Тотығу процесiнде реакцияға түскен зат (тотықсыздандырғыш) электрондардың 
доноры болады, яғни электрондарын тотықтырғышка бередi. Осы процестiң нәтижесiнде 
тотықсыздандырғыш элементтiң тотығу дәрежесi өседi. Мысалы:
S
+4
– 2e → S
+6


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Zn
0
– 2e → Zn
+2 
Тотықсыздану процесiнде реакцияға түскен зат (тотықтырғыш) электрондардың 
акцепторы болады, яғни электрондарды қосып алады. Осы процестiң нәтижесiнде 
тотықтырғыш элементтiң тотығу дәрежесi төмендейдi. Мысалы: 
N
+5 
+ 3е → N
+2
Cu
+2 
+ 2e → Cu
0
Заттардың құрамындағы элементтердiң тотығу дәрежелерiн анықтау. Тотығу – 
тотықсыздану реакциясының (әрi қарай ТТР деп жазылады) теңдеуiн дұрыс теңестiре бiлу 
үшiн реакцияға түскен және реакция нәтижесiнде түзiлген заттардың құрамындағы 
атомдардың тотығу дәрежелерiн дәл есептей бiлу керек. Элементтердiң тотығу 
дәрежелерiнiң мәндерi оң санға, терiс санға және нөлге тең болуы мүмкiн. 
Молекула – электронейтрал бөлшек, сондықтан молекула құрамындағы элементтердiң 
тотығу дәрежелерiнiң қосындысы нольге тең. Химиялық байланыстың “электрон бұлттары” 
электротерiстiгi жоғары элементке қарай ығысады. Есептеулер жүргiзуге ыңғайлы болу үшiн 
электртерiстiгi жоғары элементтiң тотығу дәрежесiнiң мәнi терiс бүтiн сан, ал 
электротерiстiгi төмен элементтiң тотығу дәрежесiнiң мәнi оң бүтiн сан деп шартты түрде 
алынады. Бiраз заттардың тотығу дәрежелерi тұрақты болып келедi. Мысалы, сiлтiлiк 
металдардың (Li, Na, K және т.б.) тотығу дәрежелерi +1, ал сiлтiлiк жер металдардың (Mg, 
Ca, Ba және т.б.) тотығу дәрежелерi +2, сутектiкi +1, оттектiкi –2 болады. Оттегi тек 
пероксидтерде – 1 және фтордың оксидiнде +2 тотығу дәрежесiн көрсетедi. Осы мәлiметтер 
ескерiле отырып, молекула құрамындағы элементтердiң тотығу дәрежесi есептеледi. 
Мысал №1
Калий перманганатының (KMnO
4
) құрамындағы марганецтiң 
тотығу дәрежесiн анықтайық. 
Есептеу жолы: 
Калийдiң тотығу дәрежесi +1, атомдар саны бiреу, оттектiң тотығу 
дәрежесi –2, атомдар саны төртеу. Марганецтiң атомдарының саны бiреу, тотығу 
дәрежесi белгiсiз, сондықтан “х” деп белгiлеймiз. Молекуладағы терiс және оң 
зарядтардың қосындысы нольге тең болатындығын ескере отырып молекуладағы 
атомдардың тотығу дәрежелерiнiң қосындысын бiр белгiсiзi бар теңдеу түрiнде 
жазамыз: 
1 ∙ (+1) + х + 4 ∙ (-2) = 0 
+1 + х – 8 = 0 
осыдан х = +7, яғни марганецтiң тотығу дәрежесi +7. 
Мысал № 2:
Калий бихроматының (К
2
Cr
2
O

) құрамындағы хромның тотығу
дәрежесiн анықтайық. 
Есептеу жолы: Калийдiң тотығу дәрежесi +1, атомдарының саны екеу, оттектiң тотығу 
дәрежесi – 2, атомдарының саны жетеу. Хромның тотығу дәрежесi белгiсiз “х”, атомдар 
саны екеу. Ендi теңдеу түрiнде жазамыз:
2 ∙ (+1) +2х + 7∙ (-2) =0 
2 + 2х -14 = 0 2х = 12 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет