Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
1) С(
С
) > С(
i
)
, х=С(
С
)/2 бұл жағдайда электролит мембрананың 2 жағында бірдей бөлінеді.
2) С(
i
)
>С(
С
),
х~0 бұл жағдайда электролит иондарының аздаған бөлігі ғана жасуша ішіне
өтеді
3) С(
i
)=С(
С
),
х=С(
С
)/3, электролит иондарының 1/3 бөлігі ғана жасуша ішіне өтеді.
Осылайша полиэлектролиттер болған жағдайда иондардың мембрана арқылы
қайтадан бөлінуі (Доннан эффектісі) міндетті түрде байқалады. Ол осмос қысымына
биопотенциалдың шамасына әсер етеді. Сондықтан да жанды ағзалардағы Доннан құбылысы
осмос қысымының өзгеруіне және мембрана потенциалының ауытқуына әкелетін күрделі
процестің себебі болып есептеледі. Ал ол полиэлектролиттің қатысуымен туындайтын
электролиттің қайта бөлінуіне байланысты болады.
ЖМҚ-дың ерітінділерінің тұрақтылығы өте жоғары және өз бетімен тұнбаға түспейді.
Бұл қасиет екі фактормен анықталады:
1) бөлшектердің беткейінде электр қабаты болады;
2) бөлшектердің беткейінде гидраттық қабықша болады.
Сондықтан да ЖМҚ-ды тұнбаға түсіру үшін зарядты бейтараптап, сұйық қабықшаны
бұзу керек. Осы қасиеттері бойынша ЖМҚ кәдімгі гидрофильді коллоидтардан
ерекшеленеді. Полимерлердің дисперстік фазасын бөлу үшін концентрациясы өте жоғары
электролиттер қажет. Бұл құбылыс, яғни ЖМҚ-ды концентрациясы жоғары электролиттердің
көмегімен тұнбаға түсіру - тұздану деп аталады. Бұл құбылыс қайтымды, яғни тұнбаға
түскен полимерді электролиттерден тазартып, қайта ерітіндіге ауыстыруға болады.
Тұздану процесін электролиттермен ғана емес, сол сияқты органикалық заттармен
(спирт, ацетон) де жүргізугі болады. Олар сумен әрекеттесіп, ерігіштікті төмендетеді.
ЖМҚ белгілі бір жағдайларда қайтымсыз тұнбаға түсуі мүмкін. Олардың
(ақуыздардың) температураның (кышқыл, сілті, ауыр металдардың тұздарының) әсерінен
қайтымсыз тұнбаға түсуі - денатурация деп аталады. Бастапқыда ол қайтымды болуы мүмкін.
Қайтымды денатурация құбылысы жанды ағзаларда байқалады. Мысалы, ферменттердің,
гормондардың белсенді және белсеңді емес түрлерінің бір-біріне ауысуы осы жағдаймен
түсіндіріледі. Денатурацияның маңызы өте жоғары. Себебі оның барысында ферменттер
бұзылады, соған байланысты денатурацияланған қоректік өнімдер ұзақ сақталады. Сол
сияқты өнімдерді аспаздық өңдеу еттерді, балықты, нанды т.б. пісіру ақуыздардың жылулық
денатурациясымен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |