Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары


оксидтердiң барлығы металл оксидтерi



Pdf көрінісі
бет6/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
лекции химия

оксидтердiң барлығы металл оксидтерi. Өте активтi металдардың оксидтерi (Na
2
O, K
2
O, 
CaO, Li
2
O) сумен әрекеттеседi – нәтижесiнде сiлтiлер түзiледi. Қалған негiздiк оксидтер 
(FeO, CuO, CoO, NiO және т.б.) сумен әрекеттеспейдi.
Негiздiк оксидтерге тән реакциялар: 
а) негiздiк оксид + қышқыл = тұз + су 
б) негiздiк оксид + қышқылдық оксид = тұз 
в) негiздiк оксид + су = сiлтi 
Қышқылдық оксидтердi көбiнесе бейметаллдар (C, S, P, N, т.б.) түзедi. Кейбiр 
металдардың жоғарғы валенттi оксидтерi (CrO
3
, Mn
2
O
7
, V
2
O
5
, т.б.) қышқылдық оксидтерге 
жатады. Қышқылдық оксидтер тiкелей сумен әрекеттесiп қышқылдар түзедi.
Қышқылдық оксидтерге тән реакциялар: 
а) қышқылдық оксид + сiлтi = тұз + су 
б) қышқылдық оксид + негiздiк оксид = тұз 
в) қышқылдық оксид + су = қышқыл
Кейбiр қышқылдық оксидтер (SiO
2
, WO
3
, V
2
O
5
, т.б.) сумен әрекеттеспейдi. 
Амфотерлi (қос қасиеттi) оксидтер әрi негiздiк, әрi қышқылдық оксидтердiң
қасиеттерiн көрсетедi. Оларға ZnO, Al
2
O
3
, Cr
2
O
3
, PbO, SnO, BeO және т.б. жатады. 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
Амфотерлi оксидтер суда ерiмейдi, балқыткан кезде негiздiк және қышқылдық оксидтермен 
әрекеттесiп тұздар түзедi.
Амфотерлi оксидтерге тән реакциялар: 
а) амфотерлi оксид + кышқыл = тұз + су 
б) амфотерлi оксид + сiлтi = тұз + су 
Период бойынша оңнан солға элементтердiң оксидтерiндегi химиялық 
байланыстың типi иондықтан коваленттiкке ауысады, соған сәйкес негiздiк қасиеттерi 
бәсеңдеп, қышқылдық қасиеттерi артады. Мысалы , 3 период элементтерiнiң оксидтерiн 
қарастырсақ: 
Na
2
О , МgО, А1
2
О
3
SiО
2,
Р
2
О
5
, SО
3, 
С1
2
О

негiздiк оксидтер амфотерлi оксид қышқылдық оксидтер 
Біраз металдар бірнеше оксид түзеді. Егер оксидте металл төменгі тотығу 
дәрежесінде болса, оксид негіздік қасиет көрсетеді, орта мәнінде болса – амфотерлі қасиет, 
жоғары мәнінде болса – қышқылдық қасиет көрсетеді. 
+2 +4 +7 
Мысалы, MnО – негіздік оксид, MnO
2
– амфотерлі оксид, Mn
2
O
7
–қышқылдық оксид. 
Оксид сипатының металдың тотығу дәрежесінің мәніне 
байланысты өзгеруін мына кестеден көруге болады: 
Металдың тотығу дәрежесi 
Оксидтiң сипаттамасы 
+1, +2 
Негiздiк 
+3, +4 
Амфотерлi 
+5, +6, +7 
Қышқылдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет