Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет66/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
байланысты және жасушаның суды артық мөлшерде сіңіруіне байланысты болып келеді. 
Мұндай құбылысты бүйректің қызметі бұзылғанда ағзада натрий ионының жиналуымен 
түсіндіруге болады. Сол сияқты медициналық тәжірибеде бас миының ісінуі кездеседі. Бұл 
құбылыс нейроциттердің цитоплазмасының коллоидтары, глиальді жасушалар және ақ 
заттың жүйке талшықтары суды артық мөлшерде байланыстаруымен сипатталады. 
ЖМҚ-ң тұтқырлығы.
Тұтқырлық ЖМҚ-дың ерітінділерінің айрықша

өздеріне ғана тән қасиетіне жатады. 
ЖМҚ-ң сұйылтылған ерітінділерінің өзі жоғары тұтқырлық көрсетеді. Бұл жағдай олардың 
өте үлкен молекулалық массаларымен және тізбектің икемділігімен, сол сияқты 
макромолекуланың жоғары сольваттану қабілетімен түсіндіріледі. 
ЖМҚ-дың ерітінділері тұтқырлық заңдылықтарына үнемі бағына бермейді. Сол 
себепті аномальды тұтқырлық көрсетеді. Идеал (Ньютон) сұйықтардың тұтқырлығы 
концентранияға тура тәуелді және сыртқы күшке немесе қысымға тәуелді болмайды. Мұндай 
Ньютон сұйықтарына полимерлердің әр түрлі ерітінділері (концентрациялары 1%) жатады. 
Мысалы, биологиялық сұйықтардан қан плазмасын және лимфаны жатқызуға болады. 
Тұтқырлық заңдылықтарына бағынбайтын макромолекуланың ұзын тізбектері ағынға әр 
түрлі кедергі жасайды. Кедергілердің табиғаты макромолекуланың орналасу ретіне 
байланысты болады. Егер олар ағынға көлденең орналасса, кедергісі жоғары, ал ағынның 
бойымен орналасса, кедергісі аз болып келеді. Қысым жоғарылаған сайын, ерітіндінің ағу 
жылдамдығы жоғарылайды. Себебі макромолекулалар ағынның бойымен орналасып 
жасайтын кедергі төмендейді. Концентрленген жүйелерде молекулалық күштердің әсерінен 
макромолекулалардың ассоциациясы түзілуі мүмкін. Олар бір-бірімен әрекеттесіп, 
тұтқырлықты төмендетуді қиындататын кеңістік құрылымдар түзуге қабілеті болып келеді. 
Құрылым түгелдей жойылмайынша, тұтқырлық жоғары болады. Белгілі бір қысымда 
құрылым толық бұзылып, тұтқырлық төмендейді де, тұтқырлық заңдылықтарына бағынатын 
ерітінді пайда болады. Мұндай жағдайларда байқалатын аномальды тұтқырлық құрылымдық 
тұтқырлық деп те аталады. 
Қорытынды: 
1. ЖМҚ-дың ерітінділерінің тұқырлығы температура жоғарылағанда төмендейді. 
2. ЖМҚ-дың тұтқырлығы ағу жылдамдығына және сыртқы қысымға байланысты 
өзгереді: а) сұйылтылған ерітінділерде макромолекуланың ағу барысында бағытын 
өзгертуіне байланысты болады; б) концентрленген ерітінділерде ішкі құрылымның 
бұзылуына сәйкес өзгереді (аномальдык немесе құрылымдық тұтқырлық). 
3. Полиэлектролиттердің ерітінділерінің тұтқырлығы ортаның рН-на тәуелді. (ИЭН-де 
макротізбек орама түрінде және ең аз тұтқырлықты көрсетеді). 
4. ЖМҚ-дың ерітінділерінің тұтқырлығы ассоциацияға және құрылымға ықпал ететін 
электролиттің қосылуына байланысты болады. 
Аса сұйылтылған ЖМҚ-дың ерітінділерінің тұтқырлығын сипаттау үшін Штаудингер 
мынадай теңдеуді ұсынды:
η – η
0

0
=КСМ
α




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет