Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет125/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ГЕПАТИТТЕР
Гепатит – бауырдың полиэтиологиялық (гепатотропты факторлар) диффузды қабыну ауруы.
Гепатиттердің этиотропты жіктелуі :
1.Инфекциялы (вирусты) гепатит:

  • Гепатит A

  • Гепатит B

  • Гепатит C

  • Гепатит D

  • Гепатит E

  • Гепатит F

  • Гепатит G

  • Сарғыш гепатит, цитомегаловирусты инфекция, қызылша, эпидемиялық паротит,

  • Эпштейна-Барр вирусы инфекциясы және әртүрлі вирусты инфекциялар: герпес, Ласса қызбалы қызылшасы сияқты аурулардың компоненті түріндегі гепатиттер.

  • Бактериалы гепатиттер: лептоспирозе, сифилис кезінде.

  1. Токсикалық гепатит:

  1. Сәулелі гепатит(сәулеліаурудыңкомпоненті)

  2. Аутоиммундыауруларнегізіндегігепатиттер.

Токсикалық гепатит – токсикалық агенттер: дәрілік заттар, тұрмыстық химиялық заттар, пестицидтармен, кәсіби зиянды заттармен т.б. шақырылатын бауырдың зақымдалуы. Бауырдың дәрілік зақымдалуы көбінесе дәрілерді энтеральды қолданғанда дамиды, бұл бауырдың қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктеріне және онда жүретін дәрілік заттардың метаболизміне байланысты. Бауыр тінінің зақымдануы тікелей дәрілердің немесе олардың метаболиттерінің гепатоциттерге әсерінен пайда болады. Бауырдың зақымданулары кезіндегі клиникалық улануларға гепататропты әсерлері бар улар жатады. Гепататропты әсерлері бар заттарға келесі топтың қосындылары жатады:
Хлорлы көмірсутектер – хлороформ, дилоратан, тетрахлоэтан, дихлордифенин, трихлоэтан (ДДТ). Бұл заттар металды заттарды майсыздандыру үшін, пластмассаны шығаруда, май, тері, лакты бояғыш, текстилді, резиналы өндірістерді, смола, каучук, резиналарды еріту кездеріндегі еріткіш заттар ретінде кеңінен қолданылады. Хлорлы көмірсутектердің кейбір түрлері наркоз ретінде қолданылады. Төрт хлорлы көмірсутегі өрттерді сөндіру кезінде кеңінен қолданылады. Дихлорэтан химиялық фармацевтикалық өндірістерде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында зиянкестерді жоюда, дезинфекция және дезинсекцияда қолданылады.
Бензол резиналы, химиялық фармацевтикада, лакты бояу және өндірістің басқада салаларында қолданылады.
Анилин  - дәрілік заттармен анилинді бояғыш заттарды алу үшін қолданылатын зат. Анилинді бояғыш, фармацевтикалық өндірісте, смола өндірісінде, каучук вулканизациясын жеделдетуде қолданылады.
Қорғасын – ауыр металл, өндірісте кеңінен қолданылады. РБК-0,01 мг/м3.
Сынапты органикалық қосындылар – этилмеркурхлорид (гранозан), ауыл шаруашылығында пестицид түрінде қолданылады. РБК – 0,005 мг/м3 құрайды.
Фосфор  - минералды құнартқыштарды алуда өндірісте кеңінен қолданылады, жұмыс орнында фосфор буы түрінде бөлінудің, фосфорлы көміртегінің, әртүрлі фосфор қосындыларының түзілулерінде қолданылады. РБК - 0,03 мг/м3 құрайды.
Хлор және фосфорлы органикалық қосындылар пестицид түрінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет