Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қант алмастырғыштар (подсластители)



бет175/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Қант алмастырғыштар (подсластители). Синтетикалық қант алмастырғыштар: аспартам, сахарин, сукламат. Барлық синтетикалық қант алмастырғыштар денсаулыққа зиян және дене салмағының жоғарылауына әкеледі. Табиғи қант алмастырғыштар: фруктоза, ксилит, сорбит. Басты жеткіліксіздігі оның калориялығы және қан құрамындағы қанттың жоғарылауы.
Қант диабеті кезіндегі жарамсыз тағамдар: Май мен жұмыртқа қосылған қамыр, қабаттама қамыр; торттар; майлы, қою сорпалар; майда жармадан, күріштен, ұн кеспеден жасалған сүт көжелер; үйрек, қаз, ысталған өнімдер, шұжықтың көбісі, балықтың майлы түрлері, тұздалған балық, майлы балық консервілері, уылдырық, тұздалған сырлар, кілегей, тәтті жұмсақ ірімшік сырлары, күріш, майда жарма, ұн кеспені шектеулі түрде, тұздалған және маринадталған көкөністер, жүзім, мейіз, банан, інжір, құрма, жемістің қантты қайнатпалары, кәмпит, балмұздақ, жүзім шырыны немесе басқа тәтті шырындар, газдалған сусындар мен тәтті жеміс сулары, жануар майы мен аспаздық тоң майлар, алкогольды сусындар (тәтті вино, шампан сусыны, виски, коньяк, текила, дизи.
Диабетикалық аяқты болдырмау Қант диабетінің негізгі асқынуларының бірі ол диабетикалық аяқ (ағылшынша diabeticfoot). Ол қандағы қант деңгейінің патологиялық түрде жоғары болып, ұзақ уақыт жүргенде, аяқтағы қан тамырлар мен нервтердің өзгерісі нәтижесінде пайда болады.
Науқастарда келесідей шағымдар пайда болады:

  • тырнақ формасының өзгеруі, аяқтағы мүйізделу (мазоль) көбею;

  • аяқ терісінің саңырауқұлақтармен зақымдалуы

  • аяқтың ұйып қалу, терісіндегі құмырсқа жүргендей сезімі және басқа да тері сезімталдығының өзгеруі.

  • аяқ формасының өзгеруі.

Бұл кезде аяқтың жаралануға, инфекциялануы және травматизациясы жоғарылай түседі. Нәтижесінде аяқта жылдам іріңді некротикалық процесстер, асқынған жағдайда ампутацияға дейін жетеді.
Диабетикалық аяқты болдырмау үшін келесідей ережелерді сақтау қажет.

  • Күнделікті аяқтарыңызды жылы сумен жуу, судың температурасы 30 – 35 С

  • Тері түріне қарай сабынды таңдаңыз, құрамында алкоголь бар түрлерін таңдамаған дұрыс.

  • Жуып болған соң аяқты толықтай құрғатыңыз, әсіресе бақай аралықтарын.

  • Тері құрғақ, жарылған болса терінің тым құрғақ екенін білдіреді және оның алдын алу үшін крем жағу қажет, бірақ бақай аралықтарына жақпаңыз.

  • Пемза арқылы қатты теріні алып отырыңыз және пемзаны жаңартып отыру қажет, себебі онда саңырауқұлақтар болуы мүмкін

  • Аяқтағы мозольды ешқашан кеспеңіз және мозольге арналған пластырь қолданбау қажет.

  • Аяқты жылытатын грелка қолданбаңыз, себебі аяқ сезімталдығының төмендеуіне байланысты күйік алуға болады.



  • Күнделікті аяқ башпайларына арналған гимнастика жасау қажет, башпайларды жазу, бүгу

  • Күнделікті таза ауада 30 минуттай серуенге шығыңыз

  • Тырнақтарды алған кезде үшкір шеттерін қалдырмаңыз, ол басқа башпайларды жарақаттауы мүмкін.

  • Аяқ киімді таңдаған кезде жайлы, аяқты қыспайтын түрін таңдаңыз

  • Аяқ киімді күннің екінші жартысында таңдаңыз, себебі ол кезде аяқтар ісініп, өзіңізге сай аяқ киімді дәл табасыз

  • Күнделікті аяқ киімді қараңыз, бөгде заттар жоқтығына және ұлтарақтың дұрыс жатқанына мән беру керек

  • Күнделікті носкиді ауыстырып тұрыңыз және ақ түсті носки таңдаңыз, себебі ақ түстен жарақат бірден байқалады.

  • Ешқашан жалаңаяқ немесе носкисіз жүрмеңіз

  • Жаяу жүрген соң аяқта мозоль немесе жарақат жоқтығына қараңыз

  • Күнделікті аяқты тексеріп отырыңыз, ең алдымен төменгі жақтан табанды қараңыз, ол үшін айна қолдануға болады, тырнақ және башпай арасында саңырауқұлақты ауру пайда болмауына мән беріңіз ( ол жиі қызару және ақ түсті дақ арқылы көрінеді)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет