Н2 –гистаминоблокаторлар: ранитидин, фамотидин, роксатидин. Күніне 1-2 рет 1/2 – 1 табл., 1-2 апта бойы.
Н+, К+, АТФ-аза – протондық насос ингибиторлары: омепразол, пантопразол, лансопразол. Күніне 1-2 рет, 2 апта бойы.
екіншілік вегетодистония, базальдық секреция жоғары болса, холинолитиктер: гастроципин, телензепин. Күніне 2 рет, тамақ алдынан 30 минут бұрын, 2-3 апта бойы.
Нр инфекциясын емдеу Халықаралық консенсус (Маастрихт – 2,2000) ұсынысына сай жүргізіледі.
Балаларға арналған ұсыныстар:
Нр инфекциясы балаларда созылмалы гастрит туғызады
Нр инфекциясы балаларда ойық жара ауруымен тіркес
Нр эрадикацисы созылмалы гастриттен жазылуға әкеледі
Нр эрадикациясы ойық жара ауруының ұзақ ремиссиясына әкеледі
Жоғарғы асқазан ішек жолдарының ауру симптомдары органикалық дертке келсе, тексерудің ең қажеттісі ФЭГДС пен биопсия болуы тиіс, т.б.
Нр (Хеликобактер пилори) эрадикациясы
Үштік ем: (Протондық насос ингибиторы +2 антибиотик қолданылады)
І қатар
ПНИ + амоксициллин + кларитромицин
ПНИ + амоксициллин + метронидазол
ПНИ + кларитромицин + метронидазол
Төрттік (квадро ем) ем (Протондық насос ингибиторы+ 2 антибиотик+ коллоидтық висмут препараты)
Де-нол + ПНИ + амоксициллин + метронидазол
АСҚАЗАН, ҰЛТАБАР ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ
Жара ауруы-полиэтиологиялық ауру. Патогенезі көп факторлы. Жара ауруына әкелетін факторлар:
1.Тұқым қуалаушылық.
2.Өмір салты.
3.Стресстік бұзылыстар.
4.Химиялық және физикалық факторлар.
5.Дәрілік препараттар.
6.Жастық нейроэндогенді өзгерістер.
Жара ауруының этиологиясында: Helicobacter pilori бактериясының орны өте маңызды. НР-70-79%-созылмалы гастрит ауруында 70%-асқазан жарасы 90%-дуоденальді жара ауруларында кездеседі.НР тек асқазан эпителиінде ғана өмір сүре алады.Олар асқазанның антральді бөлігінде орналасып,созылмалы қабыну туғызады.
12-елі ішек жара ауруы бар науқастардың бәрінде асқазан эпителиінде ошақтар болады, олар клетка метоплазиясынан, яғни асқазан сөлінің көп бөлінуінен пайда болады. Бұл жерлерде микроорганизмдер көбейіп,шырышты қабаттың қабынуын тудырады.НР қышқыл ортада тіршілік ету ерекшелігі уреаза-ферментін бөлуі,ол мочевинаны ыдырата алады.НР айналасына көмірқышқылы мен аммияктан тұратын қабат түзеді,ол асқазан тұз қышқылын нейтролиздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |