Жедел панкреатиттің клиникалық ағымында 3 сатыны ажыратады:
ауырсыну шогі (гемодинамикалық өзгерістер)
динамикалық илеус, жедел ішек өтімсіздігі
перитонит
Панкреатит диагностикасындағы маңызды сынамалар:
Мондора белгісі - денеде және бетте күлгін (фиолетовый) түсті дақтар пайда болуы;
Грея-Турнера белгісі - іштің шеткі аймақтарында цианоз байқалуы: - бұл белгілер ферменттердің әсері және гемодинамиканың бұзылуынан деп түсіндіріледі.
Хольстед (1901 ж.) – іш терісінің цианозы
Керте белгісі- кіндіктен 6-7см жоғары эпигастрий аймағында көлденең сызық болып ауырсыну.
Воскресенский белгісі – эпигастрий аймағының пальпация кезінде қолқа тамырының пульсациясының әлсіреуі немесе анықталмауы.
Мейо-Робсон – сол жақ омыртқа-қабырға бұрышын саусақтың үшімен басқанда ауырсыну.
Махов белгісі – кіндіктің жоғары жағында тері гиперэстезиясы.
Чухриенко белгісі – алақанды кіндіктен төмен көлденең қойып түрткілегенде эпигастрий аймағында ауырсыну.
Кача белгісі-спонтанды ауырсыну,І-ҮІІІаймақ гиперестезиясы
Күлен-кіндік айналасының сарғыштанып тұруы
Грюнвельд – кіндік маңындағы петехиялар
Гобье – көлденен тоқ ішектің кебуі
Гусенбауэр – асқазанның жоғарғы ығысуы, көлденең тоқ ішектің төменге ығысуы – панкреас кистасы.
Джанелидзе – панкреатиттің инфарктан айырмашылығы – ауырсыну басқанда күшееді.
Шоффар – оң жақ ұшбұрыштағы ауырсыну – ұйқы безі басының проекциясы
Фитц – жедел геморрагиялық панкреатит
Перитонит кезіндегі іштің жұмсақ болуы
Динамикалық илеуіс - ішектердің парезы
Достарыңызбен бөлісу: |