Эндокринді бұзылыстар:
гиперэстрогенемиядан болатын белгілер
ұйқы бездің фиброзы болғанда қантты диабет дамуы.
Бауыр циррозы кезіндегі ағза көрінісі
ПОРТАЛЬДІК ГИПЕРТЕНЗИЯ
Компенсация фазасының көрінісі. Кризден тыс кезде, портальдік гипертензия белгілері байқалмайды. Криз кезінде ғана, метеоризм, газдың ішекте сіңбеуінен іштің керілу сезімі, жүрек айнуы, іштің өтуі, эпигастрий аймағының жайылмалы ауырсынуы байқалады.
Декомпенсация фазасының көрінісі. Аталған белгілермен бірге спленомегалия, гиперспленизм, асцит, ісіну-асциттік синдром, «медуза басы» пайда болады. Эндоскопиялық зерттеуде өңеш веналарының варикозды кеңеюі анықталады.
Портальдік гипертензия асқынуы:
Портальдіккриз – қақпа венасында қан қысымының күрт жоғарлауы.
Өңеш веналарынан қан кету.
Гепаторенальдік синдром (бүйрек ишемиясының және гиповолемияның салдарынан болатын). Олигурия, азотемия тән.
Спонтанды бактериялық асцит – перитонит.
Қақпа венасының тромбозы.
Биллиарлық циррозда өт қабында және өт түтіктерінде тас түзілуі.
Бауыр-жасушалық шамасыздықтың белгілері:
Тәбеттің жойылуы, жүрек айну, алкогольді көтере алмау, темекіні жақтырмау, арықтау, гиповитаминоз, бұлшықеттіңатрофиясы;
Эндокриндік бұзылыстар, гиперэстрогенемия;
Геморрагиялық диатез (қан ұю факторларының тапшылығынан);
Асқорыту жолының гепатогендік жаралары;
Альбуминнің , протромбиннің азаюы;
Энцефалопатия
Мезенхималық - қабыну синдромы
Оның негізінде аутоиммундық қабыну процесінің қалыптасуы жатады. Бұл синдром әрдайым бауыр циррозы активтілігінің биіктігін көрсетеді. Белгілері:
дене қызуының көтерілуі;
спленомегалия;
лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы;
эозинофилия;
тимол сынамасының ұлғаюы;
гипер α2 және y-глобулинемия;
оксипролинурия;
бауыр тінінеантиденелердің, LE жасушалардың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |