Диагностикасы:
Бауыр циррозының диагностикасы келесі белгілердің болуына негізделеді:
Цитолиздік, холестаздық, портальдық гипертензия синдромдарына және олардың бауыр – жасушалық шамасыздығы мен бірге жүруіне;
Аталған синдромдардың лабораториялық – аспаптық зерттеулермен дәлелденуіне;
Бауыр циррозының морфологиялық белгілеріне (ең негізгісі).
1.Жалпы қан анализі. Анемия АІЖ-нан қан кету салдарынан.
Бауыр циррозындағы липид және холестерин алмасуы бұзылыстары эритроциттер мембранасының құрылымдық өзгерістеріне және гемолитикалық анемияға әкеледі.
Лейкоцитоз, кейде гиперспленизм және қан түзілуі тежелуі лейкопения және тромбоцитопенияға әкеледі.
Қанның биохимиялық анализі. Биллирубин, холестерин деңгейінің және ЩФ активтілігің жоғарлауы (холестаз синдромы). АсАТ/АлАТ, ЛДГ деңгейінің көтерілуі - цитолиз синдромы нәтижесінде. Гипоальбуминемия, гипохолестеринемия және қан ұю факторы санының төмендеуі – бауыр клеткалық жеткіліксіздігі салдарынан. Қан ұю факторы синтезі бұзылады, әсіресе К-витамин тәуелді, ПВ ұзаруына әкеледі. Бауырлық энцефалопатияда гипераммониемия байқалады, негізіне мочевина синтезінің төмендеуі нәтижесінде.Глобулин деңгейі жоғарылайды, ретикулоэндотелиальды жүйе активацисы нәтижесінде. Бұл мезенхимальды-қабынулық синдром маркеры болып табылады.
Электролиттерөзгереді. Бауыр жеткіліксіздігі гипервентиляция және респираторлы алкалозбен бірге жүруі мүмкін. Магний мен фосфаттың тағаммен жеткіліксіз түсуі және несеппен шығарылуының күшеюі гипомагниемия және гипофосфатемияға әкеледі. Асцит және гипонатриемия гиперальдостеронизмге әкеледі, калий экскрециясы күшейеді, кейде гипокалиемияга әкеледі. Бұндай науқастарда жиі преренальды ЖБЖ байқалады.
Біріншілік биллиарлы цирроз диагнозын қоюда ЩФ активтілігінің 2—5 есе жоғарылауы, митохондрияғаантидене 1:40, қанда аномальдылипопротеид Х болуы көмек болады. Екіншілік биллиарлы цирроз ЩФ активтілігінің, тура билирубин деңгейінің жоғарылауымен, аминотрансфераза активтілігінің үдеуімен, аномальдылипопротеид болуымен сипатталады , митохондрияларғаантидене болмайды.
УЗИ: егер холестаз белгілері болса, ажырату үшін жүргізілу керек (бауыр ішілік өт жолдарының қақпа вена тромбозы, бауыр клеткалық рак және т.б.).
4. Терілік бауырлық холангиография: биллиарлы тракт обструкциясын анықтауға болады.
5. Биопсия. Бауырдың бірқалыпты зақымдалмауынан қателіктер болуы мүмкін.
6. Эзофагогастродуоденоскопия. Портальды гипертензияның қосымша дәлелі — өңеш веналарының варикозды кеңеюін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |