Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Созылмалы гломерулонефрит



бет138/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Созылмалы гломерулонефрит- шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік ұлпаның иммундық қабынумен сипатталатын, біртіндеп нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.
Этиологиясы. Созылмалы гломерулонефриттің 10-20 % жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді. Оның дамуына екі фактор әсер етеді: біріншіден – ағзада ұзақ сақталған гепатиттің, герпестің вирустары; екіншіден – дәрмектік, химиялық заттар, вакциналар, алкоголь, органикалық еріткіштер т.б.
Клиникалық көрінісі. Созылмалы гломерулонефриттің латентті, нефротикалық, гипертониялық, аралас, гематуриялық түрлерін айырады.
Латентті гломерулонефрит. Нефриттің бұл түрінің екі сатысын айырады. Жаңа басталған кезінде зәр анализінде протеинурия бірде болады, бірде болмайды. Жүре-бара протеинурия тұрақтыға айналып, ұлғаяды. Диагноз көбіне зәрді кездейсоқ тексергенде анықталады. Клиникалық белгілердің айқын көріну сатысында ісіну, гипертония синдромдары пайда болады. Гломерулонефриттің бұл түрі орта шамамен 10-20 жылға созылады.
Гипертониялық гломерулонефрит. Науқастардың көбі артериялық гипертензиясын ұзақ уақыт сезбей жүре береді. Алғашқы кездерде артериялық гипертензия тұрақсыз, кейін тұрақтыға айналады. Артериялық қысым биіктеген кезде бас қатты ауырады, айналады, көздің көруі нашарлайды, көз алдын тұман басады, ентікпе мазалайды. Көз түбінен гипертонияға тән ретинопатияның белгілері табылады және сол қарыншаның гипертрофиясы. Зәрдегі өзгерістер минимальді, протеинурия 1 г/ тәул. аспайды, микрогематурия.
Нефриттің бұл түрі баяу жүреді, кейде 30 жылға дейін созылады, бірақ бүйректің жеткіліксіздігімен аяқталады.
Нефротикалық гломерулонефрит. Көрінісінде басты орын алатын - нефротикалық синдром: протеинурия, тұрақты ісіну, диурездің азаюы, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия. Нефротикалық синдром оншалықты тез өрістемейді, бірақ науқастар көпшілігі уремияға жетпестен, өкпенің ісінуінен өлімге ұшырайды.
Аралас гломерулонефрит. Нефротикалық және гиертониялық синдромдардыңқосарлануымен сипатталады. Бұл нефриттің классикалық түрі. Оның көрінісіне мол мөлшерлі протеинурия, олигурия, анасарка деңгейіне дейін баратын ісіну, биік гипертензия тән. Аралас гломерулонефрит науқастардың 10 %-да байқалады, тез өрістейді, ұзақтығы 3-5 жылдан артпайды.
Гематуриялық гломерулонефрит. Үнемі гематурияның сақталуы және оқта- текте макрогематурия эпизодтарының болып тұруы.
Емі. Емінің негізгі мақсаттары:
гломерулонефриттің өрістеуін тоқтату, ең кемінде баяулату;
бүйрек зақымдануын қайтаруға тырысу.
Дәрмектік ем. Емін клникалық түрлеріне қарап емдеу. Патогенездік ем.
Глюкокортикоидтар гипертониялық, аралас түрлерінде және бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде қолданылады. Цитостатиктер нефротикалық түрінде қолданылады: азатиоприн, меркаптопурин,циклофосфан тәулігіне 150-200 мг.
Аниткоагулянттық ем: гепарин (қанның ұю ұзақтығын бақылап), курантил, ацетилсалицил қышқылы, трентал гематуриялық түрінде 1-1,5 ай бойы.
Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектер латентті және нефротикалық түрлерінде қолданылады. Индометацин 25 мг күніне 2 рет.
Нефротикалық синдромында: диуретиктер - гипотиазид немесе фуросемид.
Плазмаферез аптасына 1-2 рет. Ем курсы 7-20 сеанс
Алдын алу. Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастар ылғал суықтан, аса қыздырынудан, ауыр дене қызметінен, ұзақ уақыт аяқта тұрудан, бүйрекке әсер ететін дәрмектерді қолданудан сақтануы тиіс және вакцинация жасалмайды. Науқастар өмір бойы диспансерлік тіркеуге алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет