Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет161/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ЭНДЕМИЯЛЫҚ ЗОБ

Эндемиялық зоб - бұл қоршаған ортада йодтың жетіспеушілігіне байланысты дамитын қалқанша бездің ауруы. эндемиялық зобта қалқанша бездің ауруы. Бұл ауру кейбір аймақтардың тұрғындарында жиі кездеседі, өйткені сол жерлердің топырағында, суларында йод жетіспейді. Бұл аймақтар зобқа байланысты эндемиялық жер деп аталады. Сау адамда йодтың тәуліктік қажеттілігі 200мкг құрайды. Эндемиялық жерлерде адам тәулігіне 20-80мкг йод қабылдайды, бұл өте аз деп есептелінеді, себебі тиреоидты гормондардың қажетті мөлшерде тәулігіне бұл мөлшер аз болады.
Этиологиясы: эндемиялық зобтың себебі - организмге йодтың аз мөлшерде түсуі. Йод- тиреоидты гормондарының биосинтезіне қажетті микроэлемент. Йод адам ағзасына тамақ, су, ауа арқылы түседі. Йодтың тәуліктік қажеттілігінің 90% тамақпен, 5% сумен, 5%ауамен ағзаға түседі. Йод келесі тағамдардың құрамында болады - балық, ет, теңіз қырыққабатында және басқа теңіз тағамдарында. Сонымен қатар сүт, сұлы жармасының ботқаларында, қызылшада жұмыртқада болады.
Эндемиялық зобтың дамуына себепші болатын факторлар: тұқымқуалаушылық, суда нитраттар мен урохромның пайда болуы және кальций деңгейінің жоғарлауы, құрт аурулары.
Патогенезі: қадқанша бездің компенсаторлық гиперплазиясы ағзаға йод аз мөлшерде түсуіне жауаптылық реакциясы болып есептеледі. Жиі қалқанша бездің гиперплазиясы тиреоидты гормондарының қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді. Тиреоидты гормондарының деңгейі төмендеуіне жауап ретінде тиреотропиннің секрециясы жоғарылайды, соның әсерінен қалқанша бездің жайылмалы немесе түйінді гиперплазиясы дамиды. Егер йод жетіспеушілігі ұзаққа созылса, тиреоциттер ошақты дистрофия, некроз, склерозға ұшырайды. Эндемиялық зобтың 3 морфологиялық түрі бар
1. Жайылмалы
2. Түйінді
3. Жайылмалы -түйінді
Клиникалық көрінісі: Науқастарда жалпы әлсіздік, шаршағыштық,бас ауыру, жүрек тұсындағы ауырсынулар мазалайды. Бұл шағымдар көбінесе қалқанша без бірқатар ұлғайғанда пайда болады. Зоб дами келе науқастарда мойын аймағында қысу сезім пайда болады, тыныс алуы қиындайды, кейде жұтыну бұзылады. Егер кеңірдек басылып қалса, науқаста тұншығу, құрғақ жөтел пайда болады. Эндемиялық зобтың жиі түйінді түрі жиі кездеседі, зобтың жайылмалы түрінде қалқанша без біркелкі ұлғаяды. Түйінді түрінді түйін тәрізді ұлғаяды.
Қалқанша бездің функционалдық жағдайына байланысты эутиреоидты және гипотиреоидты болып бөлінеді. Жиі эутиреоидты түрі кездеседі. Эндемиялық зоб кезінде пайда болатын гипотиреоздың ең ауыр белгісі болып кретинизм есептелінеді. Кретинизм белгілері балалық шақтан дамиды. Кретинизм- айқын білінетін гипотиреоз, физикалық, психикалық ақыл -ойының дамуының қалып отыруы, бойының өспеуі,тілінің мүкістігі,сүйектерінің жетілуі бәсеңдейді.
Асқынуы: өңеш пен кеңірдектің қасында жатқан тамырлармен нервтердің басылуы,"зобтық жүректің" дамуы- жүректің оң жақ бөлігінің ұлғаюы.
Диагностикасы: Жалпы қан анализінде - өзгерістер болмайды. Қалқанша бездің J¹³¹ сіңіруі жоғарлайды. ЖЗА- зәрмен йодтың шығуы төмендейді.
УДЗ - жайылмалы түрінде қалқанша бездің біркелкі ұлғайғаны анықталады. Қалқанша бездің көлемі қалыпты жағдайда ер адамдарда -25см³, әйелдерде -18см³.Егер осы көлемдерден жоғары болса зоб диагнозы қойылады.
Емі: Негізгі емі - тиреоидты препараттарды қолдану. Йодқа бай тағамдарды пайдалану, йод препараттарын тағайындау(йодомарин 100,200мг). Егер медикаментозды ем нәтижесіз болып, зоб көлемі ұлғайып, басқа ағзаларды басатын болса хирургиялық ем тағайындалады. (струмэктомия)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет