Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет162/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс





Қант диабеті
Инсулин секрециясының бұзылуы немесе әсерінің төмендеуі нәтижесінде дамитын, гипергликемиямен сипатталатын зат алмасу ауруларының тобы.
Қантты диабет кезінде дамитын бірнеше патогенетикалық процестер: басым көп жағдайда инсулиннің абсолютті тапшылығы кезінде немесе шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендеуінің ұйқы безінің β-жасушаларының секреторлы дисфункциясымен қосарлануы нәтижесінде дамиды.
Созылмалы гипергликемия симптомдары:

  • Полиурия.

  • Полидипсия.

  • Дене салмағының төмендеуі, кейде полифагиямен.

  • Көздің көруінің төмендеуі.

  • Балаларда бойының өсуінің нашарлауы.

  • Инфекцияға төзімділіктің төмендеуі.

Жедел, өмірге қауіп төндіретін диабет асқынулары:

  • Гипергликемиякетоацидозбен.

  • Гиперосмолярлы синдром, кетозсыз.

  • Гипогликемиялық жағдай.

Диабеттің созылмалы асқынулары:

  • Ринопатия, соқырлықпен асқыну қаупі.

  • Нефропатия, бүйрек жеткіліксіздігіне әкелетін.

  •  Перифериялықнейропатия және ангиопатия, шеткі тіндердің жарасы болу қаупімен.

  • Автономды нейропатия, гастроинтестинальды, урогенитальды, жүрек- қантамырлық симптомдарды шақыратын және жыныстық дисфункция.

Қант диабетімен ауыратын науқастардың арасында жүрек- қантамырларының атеросклеротикалық зақымдануы, перифериялық және церебральдық тамырлардың, көру ақаулары мен соқырлық қаупі жоғары.
Науқастарды үйрету
Қант диабетін емдеудің нәтижесі науқастың тәртібіне өте байланысты, оның терапиялық процестерге активті және сауатты қатысуы, науқас дәрігер ұсынған күн бе күн соңғы және емдік шаралар жоспарын жүзеге асырады. Бұны жүзеге асыру үшін медициналық профессионалдардың қатысуымен науқасқа қызмет көрсететін маманмен науқастарды арнайы оқыту өткізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет