Көмірсу алмасуының компенсация критериі
ҚД кезіндегі ұсынылған көмірсу алмасуының компенсация деңгейлері
Әртүрлі организациялармен ұсынылған гликемияның мақсаттық мөлшері.
Организация
|
,%
|
Ашқарынға гликемия,ммоль/л(мг/дл)
|
Постпрондиальдыгликемия,ммоль/л(мг/дл)
|
ADA
|
< 7
|
< 6,7(120)
|
---
|
IDF-Europe
|
≤ 6,5
|
≤6,0(108)
|
≤7,5(135)
|
135
|
≤ 6,5
|
<6,0(108)
|
<7,8(140)
|
Ескерту: ADA-Америкалық диабеттік ассоцация; AACE-Америкалықэндокринологтер ассоциациясы; IDF-Europe- Халықаралық диабеттер федерациясы.
Қант диабетінің 1 ші типі
Қант диабетінің 1-ші түрі ұйқы безінің в-жасушасының деструкциясына байланысты инсулиннің абсолютті жетіспеушілігіне әкеледі.
Код МКБ-10
Е10.Инсулин тәуелді қант диабеті.
Алдын алу
Алдын алуда жалғыз әдіс - генетикалық қауіптілігі жоғары адамдарға біріншілік профилактика:
іште жатқандағы вирусты инфекцияларды және балалардағы немесе жасөспірімдердегі вирусты инфекцияны ескерту (қызамық, қызылша, паротит, желшешек және т.б.);
омырау жасындағы балалардың рационынан сиыр сүті негізінде дайындалған немесе глютеннен тұратын тағамдық қоспаларды шектеу (бұл компоненттер в-жасушаға қарсы аутоиммунды реакция шақыруы мүмкін);
тамақтану рационынан нитратталған консерванттарды және бояғыштарды шектеу.
Клиникаға дейінгі кезеңде қант диабетінің 1-ші түрінде иммунологиялық (әртүрлі в-клетка құрылымдарына аутоантидене) және гормональды-метоболикалық (С-пептид мөлшері, инсулин секрециясының ерте фазасының болмауы, Hba1c гликогемоглобин деңгейінің жоғарылауы) маркерлерді және белгілі HLA антигенді анықтау негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |