Госпитализацияға көрсеткіштер
Қант диабетінің дебюті (инсулинді терапияны тағайындауға және науқасты қан плазмасындағы глюкоза деңгейін бақылауға, тамақтануға үйрету)
Диабетикалық кетоацидоз
Прекома және кома (кетоацидоздық және гипогликемиялық)
Тамырлық асқынулардың өршуі
Ургентті жағдай (инфекциялар, интоксикациялар, оперативті кірісулер)
Емі:
Мақсаты: өмірді сақтау, ауру симптомдарын жою, жедел және созылмалы асқынулардың профилактикасы, өлімді төмендету, қосалқы ауруларын емдеу және өмір сапасын жақсарту.
Қант диабетінің I және II типі кезіндегі терапевтік есептер.
Қант диабеті I типінің кешенді еміне кіреді:
Инсулинотерапия
Диета
Шектелген физикалық жүктеме
Науқасты үйрету, плазма глюкозасын өзіндік бақылау
Кеш асқынуларының алдын алу және емдеу
Қант диабетінің I типіндемедикаментозды емес емнің түрін монотерапия ретінде қолданбайды. Бірақ инсулинотерапиямен қоса арнайы диета және физикалық жүктемелер режимін сақтау керек.
Инсулинотерапия. Бұл инсулиннің абсолютті жеткіліксіздік жағдайында қант диабетінің I типінің емінің жалғыз әдісі. Ресейде тек гендік-инженерлік инсулин және адам инсулинінің аналогы қолданылады.
Рационалды тамақтану. Мақсаты: дене массасын қалыпқа келтіру және қан плазмасында глюкозаның қалыпты деңгейін сақтап тұру. Оған тағамның калориясын төмендету, рафинирленгенкөмірсуларды шектеу және тұрақты түрде тағам қабылдауды реттеу арқылы қол жеткізуге болады.Қант диабетінің I типі кезінде тәуліктік рационда негізгі ингредиенттердің қатынасы физиологиялықтан айырмашылығы болмауы керек.
Ары қарай жүргізу
Тамырлық асқынулар болмаған жағдайда стандартты тексеруді мына кесте бойынша жүргізеді
Достарыңызбен бөлісу: |