Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Көрсеткіш Тексерілу жиілігі



бет168/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Көрсеткіш

Тексерілу жиілігі

Гликемияны өзіндік қадағалау
( күніне 3-4рет)

Күнделікті!

Гликозирленген гемоглобин

3 айда 1 рет

Биохимиялық қан анализі (белок, холестерин, үшглицеридтер, билирубин, АЛТ, АСТ, мочевина, креатинин, Na, К, Са)

Жылына 1 рет

Жалпы қан анализі

Жылына 1 рет

Жалпы зәр анализі

Жылына 1 рет

Микроальбуминурия

Жылына 1 рет

АҚ бақылау

Дәрігерге әр барған сайын

ЭКГ

Жылына 1 рет

Аяқты қарау

Дәрігерге әр барған сайын

Офтальмологтың қарауы (кең қарашықпен тура офтальмоскопия)

Жылына 1 рет ( көрсеткіш болғанда- жиі)

Невропатолог кеңесі

Көрсеткіш бойынша

Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

Жылына 1 рет


Қант диабетінің 2 ші типі
Қант диабетенің 2-типі – инсулинрезистентіліктің өзіндік ерекшеліктері мен инсулин жетіспеушілігінің қатынасы немесе инсулин секрециясының дефектісінің өзіндік ерекшеліктерінің инсулинорезистентілігімен және инсулинорезистенттілігінсіз болатын қант диабетінің формасы.
Код МКБ – 10
Е11. Инсулин тәуелсіз қант диабеті.
Профилактика
Дене салмағының артуы мен глюкозаға толеранттылығының бұзылуы бар адамдарға маңызды. Оларға дене салмағын төмендету және физикалық жүктемені жоғарылату қажет. Скрининг зерттеуде гипергликемия анықталған адамдарға гликемияны аш қарынға немесе ГТТ жүргізу арқылы анықтайды.
Екінші типті қан диабетінің этиология және патогенезі
Қант диабетінің 2-ші типі инсулинге тіндердіңрезистенттілігі және оның жетіспеушілігі негізінде жатыр. Көптеген науқастарда қант диабетінің 2-ші типіне артық салмақ тән. Бұл инсулинорезистенттілік дамуына негізгі себеп. Ол абдоминалды майы бар қалыпты дене массасы бар адамдарда да болады. Қант диабетінің 2-ші типіндеß-жасушасыныңаутоиммундыдеструкциясы болмайды. Қант диабетінің 2-ші типінде қанда инсулин деңгейі қалыпты немесе жоғары болады да, оларға гипергликемияға инсулинді жауап жетпеуі тән. Бұл науқастарда инсулин секрециясы толық емес және инсулинорезистенттілікті компенсациялай алмайды.
Клиниклық көрінісі
Қант диабетінің 2-ші типінде ұзақ симптомсыз клиникалық кезеңінің жүруі басқа көрінетін көрінісінің болмауынан белгісіз болып қалады. Клиникалық симптомдары: айқын гипергликемиямен және инсулин дефицитімен байқалады. Әдетте қант диабетінің 1-ші типіне сәйкес: полиурия ( соның ішінде түнгі уақытта), қызу, дене салмағының төмендеуі, ауыздағы құрғақтық, сондай-ақ спецификалық емес симптомдар: әлсіздік, шаршаңқылық тән. Лабораторлы симптомдарды анықтайды: гипергликемия, глюкозурия, сирек кезде зәрде көп емес кетон денелері болады. Көмірсу алмасуының бұзылуы белгілерінде жиі семіру немесе дене салмағының артуы, АГ, көру өткірлігінің төмендеуі, неврологиялық бұзылыстар мен ЖИА байқалады. Микро- және макроангиопатияның, тері қышуы, фурункулез, саңырауқұлақты инфекцияның, аяқтағы ауырсыну, эректильді дисфункцияның пайда болуынан науқастың дәрігерге бірінші қаралуы болуы мүмкін.Қант диабетінің 2-ші типінің бірінші көрінуі кейде гиперосмолярлық кома болуы мүмкін. Диабеттік кетоацидоздың спонтанды дамуы сирек байқалады, әдетте ол ауыр интеркурентті аурудың асқынуы болып табылады.
Диагностика
"Қант диабеті"диагнозының өзіне тән клиникалық көрінісіне, анамнез мәліметтеріне (мысалы, жүктілік кезінде көмірсу алмасуының бұзылуы, отбасылық және лабораторлы зерттеулердің негізінде қояды.
ПГТТ – пероральдыглюкозотолерантты тест. Гликемияның күмәнді көрсеткіші мен диагнозды нақтылау үшін жүргізіледі, сондай-ақ қант диабетінің дамуының қауіп факторлары болған кезде. Сол сияқты гликемияны глюкозаны ішке қабылдағанға 2 сағат дейін\кейін анықтайды. Глюкозалық жүктемеге сәйкес келеді:

  • Үлкендерге 75 г сусыз глюкоза, 300 мл суда араласқан, 3-5 минут ішінде ішу;

  • Балаларға 1,75 г сусыз глюкоза дене массасына (кг) (бірақ ≤ 75 г ) 3,5 минут ішінде ішу.

Қате нәтижелердің алдын алу үшін глюкоза концентрациясын анықтауды қан алғаннан соң бірден жүргізу керек, немесе қанды алған соң бірден центрифугирлеу немесе оны 0-4 ͦС температурада сақтау, немесе қанды консервативті пробиркада алу керек (натрий флоридымен). Қант диабеті диагнозын гликемияны басқа күндері анықтаумен нақтылау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет