Инсулин 3 топқа бөлінеді:
1. Қысқа мерізімді - әсері 15-20 минуттан кейін, ұзақтығы 5-8 сағаттан кейін пайда болады. Бұларға жатады: моноинсулин, актрапид, хумулин.
2. Орта мерізімді - әсері 1,5-3 сағаттан кейін, ұзақтығы -12-22 сағаттан кейін пайда болады. Бұларға жатады: семилонг, ленте, монотраттар
3. Ұзақ мерізімді - әсері 4-6 сағаттан кейін, ұзақтығы 25-36 сағаттан кейін пайда болады. Бүларға жатады: ультралонг, ультра-ленте, ультратард.
Инсулин тері астына енгізіледі.
Схемалар
|
Нұсқалар
|
Тек қана базальды инсулин
|
әсер ету уақыты орташа инсулиннің 1 иньекциясы кешке (сирек таңертең)
әсер ету уақыты орташа инсулиннің 2 иньекциясы таңертең және кешке
әсер ету уақыты ұзақ инсулин аналогының 1 иньекциясы кешке (сирек таңертең)
әсер ету уақыты ұзақ инсулиннің 2 иньекциясы таңертең және кешке
|
Аралас инсулин
|
Ультрақысқа және инсулиннің протаминирленген аналогының дайын қоспасының 1 иньекциясы немесе әсер ету уақыты қысқа инсулин мен НПХ-инсулин (таңғы немесе кешкі ас алдыңда)
|
2 типті ҚД кезінде инсулинотерапияны бастаудың мүмкін схемалары (пероральды қант деңгейін төмендететін препараттарды алып тастаған кезде)
Схемалар
|
Нұсқалар
|
Базальды инсулин + әсер ету уақыты қысқа инсулин (бөлек немесе дайын қоспа түрінде)
|
Әсер ету ұзақтығы орташа инсулиннің 2 иньекциясы + қысқа әсерлі инсулин таңғы және кешкі ас алдында (дәстүрлі классикалық терапия)
Ультрақысқа және протаминирленген инсулин аналогтарының дайын қоспасының 2 иньекциясы немесе қысқа әсерлі инсулин және НПХ-инсулиндердің қоспасы (таңғы және кешкі ас алдыңда)
Әсер ету уақыты орташа инсулиннің 2 иньекциясы (немесе қысқа әсерлі инсулин аналогының 1 иньекциясы) + қысқа әсерлі инсулин басты тамақ ішер алдында
|
2 типті ҚД кезінде инсулинотерапияны бастаудың мүмкін схемалары (пероральды қант деңгейін төмендететін препараттарды алып тастаған кезде)
Достарыңызбен бөлісу: |