Схемалар
|
Нұсқалар
|
Көп ретті иньекциялар тәртібі (интенсифицирленгенинсулинотерапия)
|
Әсер ету уақыты орташа инсулиннің 2 иньекциясы(немесе әсер ету уақыты ұзақ инсулиннің 1 немесе 2 иньекциясы) + қысқа әсерлі инсулин таңғы, түскі және кешкі ас ішер алдында.
|
Инсулиннің дайын қоспаларының көп ретті иньекциялар тәртібі
|
Протаминирленген инсулин аналогтарының және ультрақысқа инсулиннің дайын қоспасының 3 иньекциясы немесе НПХ-инсулин және қысқа әсерлі инсулиннің қоспалары (таңғы, түскі және кешкі ас ішер алдында).
|
Тамақ ішер алдында көп ретті иньекциялар тәртібі
|
Қысқа әсерлі инсулин таңғы, түскі және кешкі ас ішер алдында. Ұзартылған инсулинсіз
|
Қант диабеті кезіндегі емдәм
Қант диабетінде асқынудың алдын алу үшін үнемі қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыру қажет. Глюкозаның жоғары деңгейі бірден білінбей, көп жыл өткен соң көрінетін асқынуларға әкелуі мүмкін. Бұл асқынулар кеш болып саналып, өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелерге әсер етеді: көз, жүйке, бүйрек пен қантамырлары. Кейде диабеттің алғашқы анықталуы кезінде де кеш асқынулар табылуы мүмкін. Тек глюкозаның деңгейін қалыпта ұстау ғана қант диабетінің кеш асқынуынан сақтайды. Диабеттің асқынуын нақты табу мақсатымен толық тексерістен өту қажет: дәрігер көзіңізді, аяғыңызды қарауы керек, бүйректің, жүректің жұмысын зерттеу қажет, холестерин деңгейін анықтап, артериялық қысымды өлшеу қажет.
Жүйкенің жағдайын зерттеу қажет, олар зақымданғанда диабеттік нейропатия деп аталатын асқыну дамиды. Диабеттік нейропатияның көптеген әйгіленімдері бар: шаншу, дене жыбырлау, жансыздану, аяқтың ауырсынуы, бұлшықет әлсіздігі, тұрған кездегі бас айналу мен талу, күш түспесе де жүректің жиі соғуы, іш өту, құсу, тағам қабылдағандағы қатты терлеу, ерлерде - эрекцияның бұзылуы. Уақытылы қолданылған ем ғана жүйкенің қызметі мен құрылысын қалпына келтіреді. Қандағы глюкозаны түсіретін препараттарды қабылдаумен қатар алкоголь мен темекі шегуден бас тарту жөн, емдәм ұстану қажет, дене қимылының белсенділігін арттыру қажет. Зерттеулердің келесі кескінін сақтау қажет: ұдайы артериалдық қысым мен дене салмағын бақылап отыру қажет, көз түбін офтальмологқа жылына 1-2 рет көрсетіп тұру қажет, зәрде нәруыздың барлығын арнайы тест-жолақтармен жылына 3-4 рет анықтап отыру керек, кардиологтың кеңесі мен ЭКГ түсіру - жылына 1-2 рет, жүрек соғысының ауытқымалылығын бағалау - жылына 1 рет, аяқты қарау (белгі салынған камертонмен, монофиламентпен, типтерммен, ұшы жоқ инемен сезімталдықты анықтау; сіңір рефлекстері мен бұлшық ет күшін зерттеу); электронейромиографияны - жылына 1 рет өту шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |