Қант диабеті кезіндегі диета
Күніне қара немесе арнайы диабеттік наннан 200 граммын қолдануға болады.
Көкөніс көжелерін ішкен дұрыс. Ет пен балықтың әлсіз сорпасынан жасалған көжелерді аптасына екі рет қолдануға болады.
Майсыз ет пен құс етін (күніне 100 граммға шейін) немесе балықты (150 граммға дейін) пісірілген күйінде немесе желімтек құйма түрінде пайдаланған жөн.
Жарма, бұршақ, ұн кеспе тағамдарын сирек және аз көлемде, бұл күндері нан пайдалануды азайту арқылы қолдануға болады. Жармалардың ішінде сұлы мен қарақұмықты таңдаған жөн. Тары, арпа, күріш жармалары да жарамды, ал майда жарма жарамсыз.
Көкөністер мен жемістер. Картоп, қызылша мен сәбізді күніне 200 граммнан артық қабылдауға болмайды. Ал басқа көкөністер (қырыққабат, сүтжапырақ, шалғам, қияр, кәді, қызанақ) мен көкті (татымдысынан басқа) шектеусіз, шикідей немесе пісірілген күйінде, сирек түрде тандырда пісіру арқылы пайдалануға болады.
Жұмыртқаны күніне 1-ден: уылжып піскен түрде, шамалы сүт қосып бұқтыру күйінде немесе басқа тағамдарға қосу арқылы қолданады.
Жеміс-жидектің және алманыңқышқыл-тәтті түрлері (антоновка алмасы, апельсин, лимон, мүкжидек, қызыл қарақат)- күніне 200-300 граммға шейін қолдануға болады.
Сүт қолдану үшін дәрігердің рұқсаты қажет. Ашыған сүт өнімдерін (айран, ұйыған сүт, тәтті емес йогурт) күніне 1-2 стақан, сыр, қаймақ , кілегейді - сирек және өте аз түрде қолдануға болады.
Қант диабетінде ірімшікті күнде пайдалану ұсынылады, күніне 100-200 граммнан табиғи күйінде немесе одан жасалған түрлі тамақ түрінде қолдануға болады: пудингтер, сырниктер, тандырда піскен ірімшік т.б. Ірімшік, сұлы мен қарақұмық ботқалары, кебек, итмұрын - май алмасуын жақсартады, бауыр қызметін қалыптастырып, бауырдың майлы өзгеруіне кедергі жасайды.
Сусындар. Көк және қара шай рұқсат етіледі, сүт қосуға болады. Әлсіз кофе, қызанақ шырыны, қышқыл сортты жеміс-жидек шырындарын қолдануға болады.
Арақ 50 -100 грамм ғана қабылдауға болады және жиі емес. ( гипогликемияны шақыратынын білу қажет), пиво 1 стаканнан артық емес ( ашық түстісін және жиі қолданбау қажет), құрғақ тәтті емес вино.
Қант диабетінде тамақты күніне 4 реттен кем ішпеу керек, 5-6 рет қабылдау дұрысырақ және үнемі бір қалыптасқан уақытта. Тағам дәрумендерге, микроэлементтер мен макроэлементтерге бай болуы қажет. Тағамның біркелкі болмауын қадағалаңыз, диабетте қолдануға рұқсат етілген өнімдер аз емес. Салмағы асқан емделушілерге пайдалануды неғұрлым азайтқан жөн. Тағы бір маңызды ескерту: Егер сіздің емдеуші дәрігеріңіз осы бетте жазылған шараларға кейбір жері қайшы келетін емдәм ұсынған болса, оны тыңдауыңыз шарт! Тек қана емдеуші дәрігеріңіз сіздің сырқатнамаңызбентаныс, тексеру қорытындыларын көріп және осы уақыттағы жағдайыңызға баға беруі арқылы сізге нақты және сәйкес келетін ұсыныстар бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |