Ерлер үшін:
гемоглобин деңгейі<130 г/л
гематокрит 39% төмен;
Әйелдер үшін:
гемоглобин деңгейі <120 г/л
гематокрит 36% төмен;
Жүктілер үшін:
гемоглобин деңгейі <110 г/л
Анемия классификациясы:
1. Қан жоғалту нәтижесіндегі анемия:
жедел постгеморрагиялық анемия (жедел қан жоғалту 3 айға дейін);
созылмалы постгеморрагиялық анемия.
2. Қан түзілу бұзылысы нәтижесіндегі анемия:
темір жетіспеушілікті;
В12 дәрумені және фолий жетіспеушілікті;
миелотоксикалық (нефрит, инфекционды аурулар, алиментарлы интоксикация, мырыш және басқа интоксикациялар);
апластикалық;
метапластикалық ( лейкоз, рактың сүйек миына метастаздануы, миеломатоз).
3. Қан түзілуі бұзылуы жоғарлауы нәтижесіндегі анемия (гемолитикалық):
4. Аралас этиологиялы анемия.
Сүйек миының регенераторлық қабілеттілігіне байланысты анемия түрлері:
арегенераторлы;
гипорегенераторлы;
регенераторлы.
Ауырлық дәрежесіне байланысты:
жеңіл ауырлықтағы (гемоглобин 90 г/л дейін және эритроциттер Зх1012/л дейін),
орташа ауырлықтағы (гемоглобин 70-89 г/л және эритроциттер 2,0-2,9x1012/л дейін),
ауыр дәрежесі (гемоглобин 69 г/л төмен және эритроциттер 1,9x1012/л төмен).
Ең жиі кездесетіні темір жетіспеушілікті анемия (ТЖА)- егер организімде темір жұмсалуы оның түсуінен артық болса ТЖА дамиды.
ТЖА ең жиі себептері:
Темірдің алиментарлыжетіспеушіліг (диета, вегетариандылық, жеткіліксіз тамақтану);
Темірге қажеттілік жоғалауы (жиі босану, көп ұрықты жүктілік; лактация; тез өсу; спортпен интенсивті шұғылдану; шала туылу);
Қан жоғалту (мұрыннан қан кету, диафрагмальды жарық; дивертикул, АІЖ полип және ісік; метроррагиялар; Гудпасчер синдромы);
Абсорбция төмендеуі (мальабсорбция; ішектегі қабыну үрдістері; ахлоргидрия; гастрэктомия)
110>120>130>
Достарыңызбен бөлісу: |