Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ



бет3/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ
Жедел бронхит - сыртқы ортадан өкпеге ауа келетін, бронхиалды түтіктердің (бронхтардың) қабынуы. Бронхит сыртқы орта инфекциялары және тұмау шақыратын қоздырғыштар әсерінен дамиды.
Жедел бронхит түрлері:
Қабынудың даму механизміне байланысты ауру түрлерінің жіктелуі:
1. біріншілік - бронхтардағы өзіндік дамитын қабыну процессі
2. екіншілік - басқа патология әсерінен асқынудың болуы.
Зақымдану деңгейіне байланысты жіктелуі:
1.төменгі тыныс жолдарының бронхиті( трахеобронхит, бронхеолит және бронхит)
2. кең таралған бронхит
3. сегментарлы бронхит
Бөлінетін қақырық түрлеріне қарай жіктелуі:
1. шырышты 3. катаралды
2.іріңді 4. аралас
Этиологиясы: Әсер ету түріне байланысты жедел бронхит, инфекциялық және инфекциялық емес, себебі белгісіз болып жіктеледі. көп жағдайда аурудың аралас түрін кездестіруге болады.Жедел бронхит дамуының басты себебі, ол - инфекция. Кең таралған вирустар; тұмау вирусы, жедел респираторлы- вирусты инфекция, хламидия типінің бактериясы, пневмококк, стафилакокк, микоплазма, негізгі себептерінің бірі болып келеді.
Бронхтарға қоздырғыш бірнеше жолмен түседі: гематогенді, ауа арқылы, лимфогенді. Жедел бронхит дамуының инфекциялық емес түлеріне: физикалық, химиялық факторлар(түтін, шаң, улы заттармен дем алу,жиі суық тию, зиянды әдеттер) жатады. Генетикалық тұрғыда аллергияға бейім науқастарда белгілі бір аллергеннің ұзақ әсер етуінен аллергиялық бронхит дамуы мүмкін.
Жедел бронхит жоғарғы тыныс жолдарының вирус немесе бактериямен зақымдалуының асқынуы ретінде пайда болуы ықтимал(мұрын, жұтқыншақ,бадамша безі). Жедел бронхит түріне балалар мен қарт адамдар жиі шалдығады. Күз - көктем айында ауру өршуі байқалады.


Клиникалық көрінісі: Жедел бронхит жедел респираторлы аурудан кейін немесе онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процесі (ринит, фарингит) трахеяға түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері, құрғақ жөтел,төс артының ашып ауыруы байқалады. Көп ұзамай қабыну процесі алдымен ірі, кейін ұсақ бронхтарға өтеді. Науқаста құрғақ қинайтын жөтел байқалады, 2-3 тәуліктен кейін аздаған қақырық түсе бастайды. Қақырық кілегейлі, кейде кілегейлі-іріңді болады, ал тәуліктік мөлшерішамамен 50 мл аспайды. Ұсақ бронхтар қабынса, онда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады. Интоксикация белгілері салдарынан науқастарда, әлсіздік, селқостық, қол-аяқтарының, белдің ауырсынуы тән. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды. Жедел бронхитте дене қызуының 39С-қа дейін жоғарлауы, бактериялық инфекцияның, яғни стафилакокктық немесе стрептококктық бронхиттің дамығандығын көрсетеді. Пальпация және перкуссия жасағанда, дыбыстар әдетте жедел бронхитте өзгермейді. Аускультацияда құрғақ тыныс және ұсақ ысқырықты сырылдар естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет