Рентгендік көріністер: Құрғақ плевриттің рентгендік көріністеріне мыналар: диафрагма күмбезінің жоғары тұруы, терең дем алғанда оның қалып отыруы, өкпенің төменгі шеттерінің қозғалысының шектелуі, өкпе алаңының бөлігінің аздап қараюы. Егер 500мл ден аз сұйықтық болса рентгенде анықталмауы да мүмкін. Көкірекаралық мүшелері ауырмаған жаққа қарай ығысады.
Құрғақ плеврит емі:
Ең алдымен науқасқа өзінің ауруының деңгейі жайлы, әр түрлі инвазивтік манипуляция мен интенсивті терапияның маңыздылығы жайлы нақтылап түсіндіреді. Плеврапункциясынан соң дренаждау жасалады. Науқастың ауырған жағына локальды иммобилизация жасау үшін жастық төселеді. Құрғақ плевриттерде өте ауыр жөтел үшін жөтелге қарсы препараттар(дионин, кодеин, либексин, тусупрекс т.б) қолданылады. Пункцияда алынған сұйықтықтың көлемі анықталады, оны лабораторияға зерттеуге жіберіледі. Пункциядан соң ентігу азаюы мүмкін, бірақ ол пневмоторакс туындатуы немесе жүрек – тамырлық коллапс туындатуы мүмкін.
Этиологиялық емі
Негізгі ауыруды емдеу немесе оның себебін жою плевриттің симтоматикасын азайтады немесе толық жояды.
Негізінде плевриттің ең жиі себептері пневмония, туберкулез, қатерлі ісіктер, дәнекерлік тіннің жүйелі ауырулары.
Егер туберкулездік плеврит болса туберкулезге қарсы арнайы ем жүргізіледі; пневмония болса оған қарсы антибактериялық ем; дәнекер тіннің жүйелі ауырулары байқалса иммундық депрессанттар, глюкокартикоидтар және цитостатиктер қолданылады.
Қабынуға қарсыдесенсибилизациялықем. Қабынуға қарсы дәрмектер плевриттің тез жойылуына көмектесіп, ауырсынуды басады. Әдетте, стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектерді (ацетилсалицилқышөылы-тәу.1,0-3-4рет, вальтарен немесе индометацин 0,025 3рет және т.б) ішкізеді. Десенсибилизациялық ем ретінде калцийхлоритінің 10% ертіндісін 1 ас қасықтан 3рет береді.
Физиотерапия, емдік дене шынықтыружәнемассаж. Фибриндік плевриттің ерте сатысында жартылай (су қосылған) спирттік қыздырғыш компрестерді жапсырады және калций хлориді мен электрофорез жасайды. Осымен қатар қол массажын немесе вибрациялық массажды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |