1 ФК: Физикалық күштемені жақсы көтере алады, стенокардия ұстамасы тек қатты күштеме түскенде ғана пайда болады.
11ФК: физикалық белсенділігі аздап шектелген, стенокардия ұстамасы 500метр қашықтықта жүргенде, 2-3 қабатқа көтерілгенде пайда болады. Сонымен қатар суық күнде, желге қарсы жүргенде, эмоционалды стресстерден кейін үдей түседі.
111ФК: физикалық белсенділігі өте айқын шектелген, Ұстама тегіс жолмен баяу темппен 100-500метр жүргенде және баспалдақпен 1 қабатқа көтерілгенде пайда болады.
4ФК: стенокардия ұстамасы тыныштық жағдайда, тегіс жолмен 100м жүргенде пайда болады.
Стенокардияның 3ші түрі- Үдемелі стенокардия- ол ұстамалы ауыру сезімінің аяқ астынан пайда болып, ұзаққа созылып, тыныштық жағдайда кушейуімен сипатталады. Науқасқа нитроглицерин баяу әсер етеді.Науқасты жүрек тұсындағы қысып, басып, күйдіріп ауыру сезімі мазалайды және ауыру сезімі сол иыққа, сол қолға беріледі. Науқас әлсізденіп, ентігу пайда болады.
4ші түрі спонтанды Принцметал стенокардиясы, ұстама тыныштық жағдайда түнгі уақыттарды пайда болады.ауыру сезімі узақтығы 5-15 минуттан 30 минутқа дейін, ауыру сезімі бір уақытта басталады.
Диагностикасы: ЖҚА,ЖЗА БХА (холестерин,глюкоза, креатинин, мочевина, электролиттер анықтлады. ЭКГ, ХолтерЭКГ, Тредмил тест, велоэргометрия және коронароангиография.
Емі: Стенокардия емінде тек қана ұсаманы ғана басу емес, асқынудың алдын алу мақсатында келесі топ препараттары тағайындалады. Нитраттар, бета блокаторлар, кальций антогонистері, антиагреганттар.
1ші диетотерапия, тұзды шектеу, 2ші психоэмоционалды тыныштандыру және физикалық күштемені азайту.
Нитраттар олар ұстаманы басу мақсатында қолданылады, олар: нитроглицерин, нитросорбид, сустак, нитронг жатады. Олардың әсері шеткі веналарды, көк тамырларды кеңейтіп, веноздық қайтымдылықты азайтды.
В-адреноблокаторлар миокардтың оттегіне мұқтажлығын төмендетеді.Оларға пропраналол(анаприлин,индерал, обзидан), конкор жатады.
Антиагнреганттар ұйыған қандарды сұйылтуға әсер етеді( оларға: ацетилсалицил қышқылы, ТромбоАСС, кардиомагнил, тромбопол) жатады.
Антилипидемиялық препараттар, тамыр ішіндегі липидтік түймедақтың еруіне, қандағы холестерин деңгейін төмендетуге әсер етеді( статиндер).
Бүгінгі таңда миокард инфарктісі кең тарап отыр және осы ауру көп адамның кенеттен өліп кетуінің себепкеріне айналып барады. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан өліп кетушілердің саны барған сайын өсіп отыр.
Бұл ауру 35 пен 50 жас аралығындағы әйелдерге қарағанда ер адамдарда көбірек кездеседі.
Инфаркт алдындағы синдромның үш варианты болады: 1). алғаш рет тап болатын стенокардия. Бұл жүрек ауруының тез өтетін түрі және жиі кездеседі, 2). стенокардияның тыныштау өтетін түрі, 3). жүректің ауыр түрде ұстауы (приступ), ауа жетіспеуі. Жүрек ұстамалысының төртінші түрін дәрігерлер «стенокардия принцметалла» деп те атайды.
Миокард инфаркті- мүгедектікке және өлімге алып келетін себептердін бірі болып табылады. Миокард инфаркті ауруының-соңғы жылдары өршуі байқалуда, әсіресе жас және орта жас буындарда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |