Активті эктопиялық (гетеротоптық), көбіне автоматизмнің бұзылысына байлаиыссыз систолалар мен ырғақтар.
Бұл жағдайларда қозу қуаты СА туйінінен басым эктопиялық ошақтар пайда болады. Мүндай белсенді ошақтар СА түйінін тежеп, жетекшілікті кейде өзіне алады. Түрлері:
экстрасистолия;
пароксизмдік емес және пароксизмдік тахикардия;
жүрекшелердің дірілі және жыбыры;
қарыншалардың дірілі және жыбыры;
парасистолия.
Патогенезі. Казіргі кездегі электрокардиографияның үғымдары бойынша активті эктопиялық аритмия бір кірген импульстің. белгілі бір ошакта (ілмекте). айналуынан болады ("rе еntrу" —кайтадан кіру механизмінен). Бұған әкелетін бір бағытты блок (импульсты бір бағытта ғана өткізетін). әдетте мундай блок Пуркинье талшықтарының түпкі тармақтарында (миокардиоциттермен байланысқан жерінде) болады. Бір бағытты блоктын құрылымы екі Пуркинье жасушасынан және бір бұлшық ет жасушасынан тұратын ілмек болып табылады міс
Блок ошағы миокардтың барлық аймақтары қозып болып рефрактерліктен шыққан кезде ғана қозады, өйткені оған импульс әдетті жолмен емес, айналма жолмен келеді.
Сонымен, ілмектің бойында импульсті бір бағытта ғана өткізе алатын блок болса, түскен импульс тіке өте алмай, айналып өтіп, рефрактерліктен шыққан аймаққа қайта түседі. Импульс ілмекте бір немесе бірнеше айналып өтуі экстрасистолияға, ал шыр айналып жүруі пароксизмдік тахикардияға әкеледі. Осындай блоктың даму себебі -жүрек бұлшықетінің электірлік қасиетінің әркелкілігі (гомогенді еместігі), мәселен миокардтың гипоксмясында, некрозында, дистрофиясында, кабынуында, улануда. электролиттік бұзылыстарында пайда болатын. Экстрасистолияның баска механизммен даму мүмкіндігі туралы да пікірлер айтылуда. мәселен ТМӘП 4 фазасында іздік потенциал амплитудасының үлғаюы, миокардтың электрлік күйінің әркелкілкіленуіне әкелетін кейбір ошақтардың асинхронды реполяри-зациясы, т.б.
Экстрасистолия
Этиологиясы:
функциялық неврогендік күйлер, мәселен НЦД, вегетодистония. Тыныш күйде пайда болатын экстрасистолия — ваготонияның, ал эмоция кезіндегі немесе күштемеден соң болатын экстрасистолия -симпатикотонияның белгісі болып табылады;
экстракардиальдік рефлекторлық әсерлер (жүректін керіле толған асқазанмен немесе биіктеген диафрагмамен басылуы, немесе нефро-птоздың, гастроптоздың. перивисцериттің рефлекторлық ықпалдары);
жүректің органикалық закымданулары (ақаулар, миокардит, гипертрофия, ЖИА, кардиомиопатиялар т.б.);
уытты әсерлер (кофеин, алкоголь, дигиталис, никотин, бензол т.б.);
механикалық тітіркендіру (катетер енгізу немесе жарақаттар).
Экстрасистолия салдарынан туындайтын гемодинамикалык бұзылыстар. Жүректің кезектен тыс ерте қозуынан қарыншалар қанға толып үлгермейді. Кейде қарыншалар ішіндегі қанның соншама аздығынан аортаның қақпағы ашылмайды. Жүректің бостан-бос жиырылуы кезінде артериялык пульс түзілмейді, содан пульс дефициті пайда болады. Гемодинамикалык бұзылыстың деңгейі экстрасистолияның жиілігіне тәуелді. Жиі. топталып түскен экстрасистолкяда тәж, бүйрек қанайналымы жетіспейді және АҚ төмендейді, соңдыктан осындай экстрасистолия салдарынан стенокардия ұстамасы дамуы мүмкін. Компенсациялық паузаның үзақтығынан жүректің экстрасистолиядан кейін бірінші соғуының, айдау көлемі мол болады. Сол кезде көзге көрінетін тамырлар бүлк ете қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |