Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет77/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Клиникалык көрінісі. Экстрасистолалардың сезілу—сезілмеуі нерв жүйесінің сезімталдығына тәуелді. Әдетте, функциялык экстрасистолалар сезіледі, органикалықтар сезілмейді. Экстрасистоладан кейінгі үзіліс жүрек "тоқтап қалғандай", ал одан кейінгі бірінші соғуы "жүрек түртіп калғандай" сезіледі. Жүрекшелер мен қарыншалардың аса толу кезінде жүрек "шаншып кеткендей" болады. Бигемения бөлса — жүрек соғуы. қысылуы тәрізді сезінулер байқалады. Тексеруде табылатын белгілер: экстрасистоладан кейін мойын веналарынын бүлк ете түсуі; пульс дефициті; жүректі тыңдағанда —ырғақ бұзылысы болуы, экст-расистолалық тонның әлсіздігі ( шаққа естілуі), ал одан кейінгі соғудың I тонының ерекше каттылығы.
Экстрасистолияның жіктемесі:

  1. Қарыншаүстілік (эктопиялық ошақ Гис будасынан жоғары орналасқан):

  • синустық;

  • жүрекшелік;

  • түйіндік;

  • Гис будасының.

  1. Қарыншалық (эктопиялық ошақ Гис будасынан темен орналасқан)

  • сол қарыншалық;

  • оң қарыншалық;

  • жүрек ұшының;

  • базальдік (қарыншалардың жоғарғы аймақтарынан).

Синустық экстрасистолия. Сирек кездеседі. ЭКГ сипаттамасы: экстрасистоланың алдындағы R-R аралық қысқа, артындағысы қалыпты; экстрасистоланың Р тісшесі мен QRSТ комплексі кәдімгідей, еш бір өзгерссіз.
Жүрекшелік экстрасистолия және оның ЭКГ сипатамалары (5-сурет):

  1. экстрасистоланың алдындағы R-R. аралық қысқа, артындағысы ұзындау (толық емес компенсациялық. пауза);

  2. экстрасистоланың Р тісшесі сәл деформацияланған (жалпақтау, биіктеу, төмендеу, қос өркешті немесе ұшты); жүрекшелердің төменгі аймақтарынан шыққан экстрасистоланың Р тісшесі әрдайым теріс;

  3. QRSТ комплекс қалыпты; эктопиялык. ошақ АВ түйінінен неғүрлым қашық орналасса, соғұрлым РQ аралығы ұзақ.

Жүрекшелік экстрасистола. 3-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет