Түйіндік экстрасистолия жүрекшелерге импульс ретроградты, қарыншаларға антеградты бағытпен келеді. Осьщан Р тісше әрдайым теріс, қарыншалық комплекстің. пішіні қалыпты. Компенсаииялық пауза толық емес.
Жоғары түйіндік экстрасистолиида теріс Р тісше QRSкомплексінің алдында тұрады (6а-сурет). Ортаңгы түйіндік экстрасистолияда жүрекшелер мен қарыншалар бір уакытта қозады, сондықтан экстрасистоланың теріс Р тісшесіQRS комплексімен қабаттасып, визуальді айыруға келмейді (6ә-сурст). Төменгі түйіндік экстрасистолияда қарыншалар жүрекшелерден бұрын қозады да, теріс Р тісше қарыншалық комплекстен кейін орналасады (6 б-сурет).
Гис будасыныц экстрасистолиясы сирек кездеседі, оның ЭКГ-лық белгілері (6в-сурет):
Р тісшенің болмауы, өйткені АВ түйіні өзінен шықпаған бөтен импульсті жоғары өткізбейді;
импульстің қарыншаларға антеградты келуінен қалыпты; QRSТ комплекс;
толық компенсациялық пауза.
Карыншалық экстрасистолия
Эктопиялық ошақ қарыншалардың өткізу жүйесінде орналасады (Пуркинье талшықтарында, Гис будасының аяқшаларында, тармактарында).
Жалпы ЭКГ-лық белгілері:
импульстің қарыншаларда бұрыс жолмен тарауынан QRS комплекстің жалпақтығы (0,1с артық) және деформациясы — экстрасистолалық комплекстің SТ аралығы мен Т тісшесінің ең ірі тісшеге (Rнемесе S) дискорданттылығы. QRS комплексте ең үлкені R. тісше болса SТ аралығы төмендейді, Т тісшесі теріс болады, ал үлкен S тісшеде, керісінше — SТ аралығы жоғарылайды, Т тісше оң және биік;
экстрасистолалық комплексте Р тісшенің болмауы, өйткені импульс А-В түйінінен ретраградты өткізілмейді. Синус түйінінің функциясы бұзылмайды, оң Р тісше экстрасистолалық QRS комшіексіне қабаттасуынан көрінбейді;
толық компенсациялық. паузаның болуы, өйткені СА түйініне өткізілмеген эктопиялык импульс оның зарядын жоймайды, ал СА түйіңінен шыққан әдеттегі импульс қарыншаларға рефрактерлік фазасында түседі, осыдан екі жүрек циклы бір-біріне қосылады да, пауза ұзарады.
Достарыңызбен бөлісу: |