Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Қанды биохимиялық зерттеу әдісі



бет25/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Қанды биохимиялық зерттеу әдісі
Биохимиялық зерттеуге қан ертенгісін ашқарынға 7-900 дейін көк тамырдан 7-10мл алынады, немесе тамақтан кейін 12 сағат өткенде 4 сағат қана сақталады, 40С-3-7тәулік. Жалпы ақуыз қанда 65-85г/л болады. Гипертпротеинемия- жалпы ақуыздың санынын көтерілуі гепатит, цирроз, коллагеноздарда, гипопротеинемия- ақ уыздың азаюы аштықта, кахексияда, созылмалы қабыну процесстерде. Ақ уыз фракциялары- альбуминдер/40-50г/л/ глобулиндер /20-30г/л/
J2- глобулиндердің көбеюі жедел қабыну процесстерді білдіреді
B2- глобулиндердің көбеюі гиперлипидемияны білдіреді
J глобулиндердің көбеюі- иммунологиялық процесстердің бұзылуын білдіреді
Ферменттер мөлшері паренхиматозды мүшелердің өзгеруін, зақымдануын білдіреді.

  1. Аспартатаминотрансфераза/АсАТ/-0,1-045 миокард инфарктында, гепатитте, бұлшық еттер ауруында белсенділігі көтеріледі.

  2. Аланинаминотрансфераза /АлАТ/-0,1-0,68 ммоль/сағ вирусты гепатитте өте күшті көтеріледі.

  3. Лактатдегидрогеназа/ЛДГ/0,8-4,0ммоль/сағ бауыр, бүйрек паренхимасының, миокардтың зақымдануында көтеріледі.

  4. Сілті фосфатаза/щелочная ф Щ.Ф/-0,5-1,3 ммоль/сағ, бауыр, өт жолдарының ауруларында, қатерлі метастаздарда көтеріледі.

  5. Холинэстераза/Х.Э/ -160-340ммоль/сағ. Бронх демікпесінде, асқазан ойық жарасында, кахексияда, жарақаттарда, улануларда көтеріледі.

Билирубин- қалыпты жағдайда 8,55-20,52мкмоль/л осының 75%-бос/ тікелей емес билирубин/8,6-12мкмоль/л, байланған билирубин/тікелей/2,57-7мкмоль/л. Бауырдың зақымдануын білдіреді.
Холестерин қалыпты жағдайда 3,0-5,18ммоль/л атеросклерозда, қант диабетінде, ішімдікте, туберкулезде және т.б жағдайларда көтеріледі. Глюкозаның мөлшері қалыпты жағдайда-3,5-5,7ммоль/л. Мөлшерінің көтерілуі-гипергликемия, азаюы- гипогликемия.
Сиал қышқылдары 2,0-2,36 ммоль/л. Бас мидың қатерлі ісігінде, миокард инфарктінде, туберкулез, гепатит, коллагеноздарда көтеріледі.
Амилаза мөлшері Смит, Рой бойынша 16-30г/сағ, панкреатит, перитонитте, бүйрек жетіспеушілігінде көтеріледі. Төмендейді- ұйқы безінің некрозінде, тиреотоксикозда, күйік ауруында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет