Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Нәжістің химиялық зерттеуі. РН



бет29/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Нәжістің химиялық зерттеуі. РН қышқылдығы қалыпты жағдайда әлсіз сілтілі немесе нейтральды, ашу процесстерде- қышқыл, шіру процесстерде-сілтілі.
Өт пигменттері:
1. Стеркобилин, нәжістің түсі өзгергенде анықталады
2.Стеркобилин болмайтын жағдайлар: механикалық сарғаю, вирусты гепатит, таспен өт жолдарының бітелуі. Гемолитикалық анемияда стеркобилин кобееді.

  1. Өзгермеген билирубин- жас балаларда кездеседі және үлкен адамдарда ішек микрофлорасы азайғанда.

4.Нәжістегі жасырынды қан Грегерсен байқауымен анықталады
5.Ақуыз. Ішектің қабынуында кездеседі

  1. Аммиак- қалыпты жағдайда 2-4 ЕД, ішекте шіру процесстері күшейсе 8-10ЕД ға дейін көтеріледі.

Микроскопиялық зерттеу:

  1. Майлар, майқышқылы

  2. Ішек эпителиі

  3. Қан клеткалары/эритроцит, лейкоцит/

  4. Ісік клеткалары

  5. Бұлшық еттерінің талшықтары

  6. Көп мөлшерде шырыш

  7. Паразиттер/жұмыртқалары/

Қақырықты зерттеу. Зерттеуге жаңа бөлінген қақырық алынады, оны құрғақ таза шишаға жинайды.Тәуліктік қақырықты ауызы жабылатын оңқаға жинап тоңазытқышта сақтайды. Қақырықты жинау алдында ауызды сумен шаю керек.
Қақырықтың физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда болар болмас қақырық бөлінеді. Жедел бронхитте 2-5мл, 200-300мл және оданда көп болса-өкпе абсцессі, бронхоэктазиялық ауру.Өте көп бөлінген кезде үш қабатқа бөлінеді төменгі-ірің детриттер, ортаңғы-шырыш талшықтар, үстінгі қабат- көбікті қабат. Іріңді қақырық екі қабатқа бөлінеді.
Қақырықтың сипаттамасы. Патологиялық процесске қарай қақырық осындай болады: шырышты, іріңді-шырышты, қанды/тәтбасқан түсті/.
Консистенциясы қою-шырыштан, жабысқақ- фибриннен, сүйық-серозды сүйықтықтан. Сүйықтау-шырышпен серозды сүйықтық араласқанда.
Қалыпты жағдайда қақырықта иіс болмайды. Өткір иіс-өкпе абсцессінде, өте шыдамсыз шіріген иіс-өкпе гангренасында, қатерлі ісіктің ыдырауында..
Жай көзбен қарағанда Куршман спиральдарын, фибрин ұйықтарын, Дитрих тығындыларын, өкпенің ыдыраған ұлпаларын, тамақ қалдықтарын көру болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет