Рентгенологиялық зерттеу әдістер
Бұл әдіс рентген сәулелерінің толқындарының кіші ұзындығына және ұлпалардан өтуіне негізделген. Рентген сәулелерімен металлдан нашар өтеді әсіресе қорғасыннан/сондықтан рентгенологтарға одан қолғап,алжапқыштар жасалынады/ рентген сәулелер адамнан әр түрлі өтеді: сүйектен бұлшық еттерге қарағанда және бауыр мен жүректен, өкпеге қарағанда аз сәуле өтеді.
Рентген аппарат рентген түтікшесімен экраннан құралған. Рентген түтікшесінен тоқ жүргізгенде рентген сәулелері пайда болып бейне қағазына түсіп одағы күмыс бромиді ыдырап өткен жердің бейнесі қағазға түседі.
Терапиялық тәжірибеде рентгеноскопия және рентгенография әдістері қолданылады.
Рентген сәулелерінің қасиеттері: денеден өтеді,көзге көрінбейді,ауаға сінеді, радиоактивті әсер береді,60см бетон қалындығынан өтеді
Рентгеноскопия - адам денесінің бейнесін экранға түсіріп анатомо морфологиялық ерекшелерін зерттеу.
Рентгенография – рентген сәулелері денеден өткеннен кейін бейнесін фотографияға түсіріп алу. Ол бейнелерді «рентгенограмма» дейді. Оған түскен бейнеде тығыз мүшелер ағарып, ал жұмсақ мүшелер қарайып түседі.
Флюрография – кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосүрет етіп түсіріп алу. Бұл тәсіл қысқа уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол алдын алу тексерулер кезінде қолданылады.
Ішкі қуысты мүшелерді зерттеуге/асқазан, ішек, өт қабы, бүйрек/ контраст заттар қолданылады. Асқазанмен ішекті түсіргенде барий препаратын ішкізіп түсіреді, өт қабымен өт шығаратын жолдарын түсіргенде құрамында йод бар препараттарды ішкізеді немесе көк тамырға енгізеді/йопогност, билитраст/.
Бүйрек тостағаншаларын зерттеу үшін көк тамырға урографин енгізеді/пиелография/.Бронхтың рентгенографиялық зерттеуін/бронхография/ бронхтың ішіне йодолипол препаратын жіберіп, бронх тарамдарының рентгендік сүретін түсіру.
Томография - қабатталған ретгенография. Рентген түтікшесі бір белгілі жылдамдықпен жылжып отырып мүшенің әр терендіктегі кесінділерін фотосүретке түсіреді және әр сүретте қай терендікте түсіргенін белгілейді 2см-2/4,6,7,8 деп белгілейді/, соңғы кезде компьютерлік томография әдісі қолданылады. Бұл өте маңызды әдіс ,мысалы патологиялық,ошақтың нақты орналасқан жерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |