Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет38/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Функциональды әдістер


Спирометрия- спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу.
Спирография-тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.
Спирометрия және спирография көмегімен анықталатын көрсеткіштер:

  1. тыныстық көлемі- қалыпты жағдайда демді ішке алғанда, не сыртқа шығарғандағы ауаның көлемі.орташа есептен 500 мл шамасында – /300- 900 мл/.

  2. Қосымша көлем-/ауаны ішке алудың қосымша резерві/ демді қалыпты алғаннан кейін тағы да ішке тартуға болатын ауаның көлемі. Шамамен 1500 мл.

  3. Резервтік көлем-ауаны сыртқа шығарудың қосымша резерві. Шамамен 1500 –2000 мл.

  4. Тыныстық ауа, қосымша және резервтік көлемдердің қосындысы өкпенің тіршіліктік сиымдылығы /ӨТС/ деп аталады. Шамамен 3700 мл.

  5. Қалдық ауа/қалдық көлем/-ауаны өкпеден максимальды /барынша/ шығарғаннан кейін өкпеде қалатын ауаның көлемі.шамамен 1000 мл.

  6. Өкпенің жалпы максимальды сиымдылығы - тыныстық, қосымша резервтік қалдық көлемдердің қосындысы және 5000-6000мл құрайды..



Электрокардиография /ЭКГ/


ЭКГ- жүректе пайда болатын электр тоғын /биотокті/ жазу тәсілі. Электр тоғының пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты болады.
Қалыпты электрокардиограмма Р,Q,R, S Т деген тісшелермен белгіленеді.
Электрокардиографияда міндетті түрде 12 электрокардиографиялық тіркеме қолданылады: 3 негізгі/стандартты/ тіркеме, 3 бір полюсті күшейтілген аяқ-қол тіркемесі және 6 кеуде тіркемесі бар.
Стандартты тіркемелерді электрокардиография тәсілінің авторы Эйтховен ұсынған,сондықтан олар Эйтховен тіркемелері деп те айтыла береді.
1 стандартты тіркеме көмегімен оң және сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын. ІІ стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын, ІІІ стандартты тіркеме арқылы сол қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп қағазға түсіреді.
Кеуде тіркемелері “V” әрібімен белгіленеді. Белсенді электродті келесі нүктелерге орнатады:
“V”1- төстің оң жағында ІУ қабырға аралықта
“V”2- төстің сол жағында ІУ қабырға аралықта
“V”3 –“” мен “V”4 ортасында.
“V”4 сол жақтағы бұғана орта сызығымен У қабырға аралықта
“V”5-“V”4 тұсында 4 қабырғамен сол жақтағы алдыңғы қолтықастындағы сызықпен
“V”6-“V”4 тұсында сол жақтағы алдындағы қолтық астындағы сызықпен.
ЭКГ тамақтан кейін 2 сағат өткенде және жүріп келгенде 10-15 мин демалғаннан кейін түсіріледі. Пациенттің жағдайы-кушеткада жатады, жаталмаса отырып түсіреді.
ЭКГ түсірерде балтырмен білектерге электродтар салынады,әр электрод түсіне қарай жалғанады:
Қара-оң аяқтың балтыры /”жер”/
Жасыл-сол аяқтың балтыры
Қызыл –оң қолдың білегі
Сары-сол қолдың білегі
ЭКГ жүректегі барлық өзгерістерді көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет