Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет41/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Тембіріне қарай жөтел:
қысқа және жәй жөтел құрғақ плеврит пен крупозды пневмонияда болады /шаншудан сақтанып науқас жәй жөтеледі/
қатты «үріп жөтелу»-көмей жарақаттанғанда,кенірдек қысылып қалған жағдайда/ісік, жемсау/ жалған дауыс желбезігі ісінгенде және истерияда кездеседі
қарлыққан жөтел дауыс желбезектері қабынғанда байқалады.
Дыбыссыз жөтел-дауыс желбезектерінде жара барда,олар ісінгенде және жалпылай өте әлсірегенде кездеседі.
Мезгіліне қарай жөтел:
1. Ертенгі жөтел қуыс синдромы болатын ауруларда кездеседі, «бронхтың ертеңгі дәреті» деп аталады.
2.Кешкі жөтел бронхитпен пневмонияда кздеседі

  1. Түнгі жөтел туберкулезде, лимфогранулематозда және ісіктерде байқалады. Ол түнге қарай кезбе жүйке талшығының сезімталдығы артатындығына байланысты.

Түріне қарай жөтел:
құрғақ/қақырықсыз/ ларингитте,құрғақ плевритте,бронхиттің бастапқы кезеңінде
Ылғалды жөтел/қақырықты/
Қақырық тастау. Қақырық-тыныс жолдары арқылы сыртқа шығатын патологиялық сұйық зат. Бұл шағымды жіктей отырып, қақырықтың қай мезгілде көп бөлінетінің қақырық тастауға, жалғасатын қубылыстарды, қақырықтың мөлшерінің түсін, иісін және түрін анықтау керек.
Қақырықтың көп бөлінетін мезгілі жөтелдің көбейетін кезіне сәйкес келеді. Мөлшеріде ауруға қарай әр түрлі болады. Бронхит пен пневмонияда қақырық онша көп емес. Өкпеде патологиялық қуыс пайда болатын ауруларда қақырық өте көп түседі-өкпе абсцессі өкпе гангренасы, бронхоэктазия ауруы, плевра эпиемасы.
Қақырықтың түсі де әр түрлі: түссіз қақырық-бронхитте, бронхопневмонияда, жасыл сарғыш түсті қақырық-ірінді ауруларда, қызғылт түс-туберкулезде, өкпе рагында, таттасқан түс /темір тотығы түс/ - крупозды пневмонияда, қара түс-өкпеге көмір шаңы тұңғанда.
Қақырық түріне қарай кілегейлі /шырышты/ ірінді, ұйыма және қанды болып бөлінеді. Кілегейлі қақырық бронхит пен пневмонияда кездеседі. Іріңді қақырық өкпе абсцессімен гангренасында, бронхоэктазияда, плевра эмпиемасында.үйыма жабысқақ қақырық –бронх демікпесінде, түсі қызғылт, көпірген сұйықтық - өкпе шеменінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет