Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет145/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Қан аздық (анемия)
Бұл қандағы эритроцит пен гемоглобиннің мөлшері азайып, ағзаға, тіндерге, торшаларға қалыпты түрде оттегінің және қөректік заттардың шамасыздығымен сипатталып білінетін сырқат. Қан аздықтың синдромына жатады: әлсіздік, тез шаршағыштық, бастың айналуы, бастың ауыруы, құлақтың шулауы, көздің қарауытуы, жүректің шаншып ауыруы, ентігу, тамаққа деген тәбетінің тартпауы және осыдан басқа белгілерде жатады. Қан аздыққа әкеліп соққан себебіне байланысты қан аздықтың келесе түрлері болады. Қанның көп мөлшерде жоғалтқанына байланысты дамитын қан аздық түрі, бұл түрінің өзі шиеленіскен және созылмалы болып келеді. Қан аздықтың екінші түрі қан жарату дәрісінің бұзылуынан пайда болатын түрі. Бұл түріне теміртапшылық қан аздық, Аддисон – Бирмер немесе пернициоздық қан аздық және гипо - немесе апластикалық қан аздық түрлерін жатқызамыз. Қан аздықтың үшінші түрінде эритроциттердің көп мөлшерде ыдырауынан пайда болған түрі жатады. Төртінші түрі – ар алас анемиялар
Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
Өкпеден қан кету. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде, кейде крупты өкпе қабынуында кездеседі. Қанның түсі ашық қызыл, иіссіз, көпіршікті болады. Негізінде жөтелгенде шығады. Осы қансыраудың белгілерімен бірге жоғарыда айтылып кеткен клиникалық белгілер көрінеді.
Асқазаннан қан кету. Асқазан жара ауруында, асқазанның әртүрлі химиялық және кейбір дәрілік заттармен улануында кездеседі. Қанның түсі қоңыр – қызыл, “кофе” тәрізді. Иісі жағымсыз, құрамында тағам химиялық және қалдықтары байқалады. Негізінде құсқанда шығады. Шұғыл көмек. Біріншіден қансырауға әкеп соққан себепті табып, жою керек. Жарақаттанып, тамырлардан қан аққан жағдайда қан ағуды уақытша немесе біржолата тоқтату керек. Өкпеден, асқазаннан қан кеткенде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп (отырғызып немесе жатқызып басын бұру), дәрігерге дейін шұғыл көмек көрсету керек. Ол үшін кеудесіне (өкпеден қан кеткенде) немесе ішіне (асқазаннан қан кеткенде) мұзды мұйық қояды. Науқасты сөйлеткізбей су, тамақ ішкізбейді. Мейіркеш деміл – деміл науқастың ауыз қуысын тазартып, демін, тамыр соғуын, қан қысымын анықтап отырады. Дәрігер келгенше системаны толтырып, керекті қан тоқтататын дәрілерді әзірлеп қою керек. Қансырауды жою үшін тамырларды тарылтатын дәрілер қолданылады: дицинон ерітіндісі, кальций хлор ерітіндісі, аминокапрон қышқылы т.б. Сонымен қатар қансырауды тоқтату мақсатымен аз мөлшерде көк тамырға қан, сары су, тромбоцитарлық, эритроцитарлық массалар құйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет