Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет19/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Пальпация
Пациентті сұрастырып қарағаннан кейін пальпация әдісін қолданады. Бұл әдіспен ағзаның ұлпаларымен мүшелерінің физикалық қасиеттерін өзара топографиялық орналасуын, сезімталдығын және ағзадағы кейбір функционалды өзгерістерің анықтайды. Пальпация туралы Гиппократ шығармаларында аталған, бірақ ХІХ ғасырдан бастап тәжірибелік медицинада кең өріс алып дамыды. Бұл тәсілдің ерекше дамуына үлес қосқан орыс ғалымдары В.П Образцов, Н.Д Стражеско, Боткин С.П. пальпацияның физиологиялық негізі - сипап, басқан кезде саусақтардың сезімталдығына негізделген. Толық маңызды клиникалық мәліметтер алу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Бұл ережелер пальпация кезінде пациентпен дәрігер қалпының, дәрігер саусақтарының қандай болу керек екенін және пальпация жүргізудің әдісін қамтиды.
Пальпация ережелері

  • - пальпация жүргізуші пациенттің оң жағында болу керек

  • Дәрігердің қолы жылы, жұмсақ және тырнақтары алынған болу керек

  • Пальпацияны жұмсақ жүргізу керек

  • Іш қуысындағы мүшелерді дем алу мен байланысты сипау керек

  • Тексеру мәліметтері толық болу үшін пациентті отырғызып, жатқызып және тұрғызып сипайды

Пальпация беткей және терең болып бөлінеді.
Беткей пальпация
Бұл әдіспен терінің эластикалық қасиеттерін, тығыздығын, қалындығын, тері асты шелін, ылғалдығын, құрғақтығын, температурасын және басқада қасиеттерін анықтайды. Денедегі әсірессе аяқтағы жасырынды ісінулер, пальпациямен анықталады, басқаннаң кейін ойықтар қалып отырады. Осы әдіспен пульс,оның қасиеттері анықталады. Лимфа түйіндері қалыпты жағдайда анықталмайды немесе бұршақтай ғана болады. Олар жұмсақ жылжымалы теріге жабыспаған. Патологиялық жағдайда үлкейіп ісінеді, пальпацияда ауырсынады, теріге жабысқақ болады. Көбінессе жақ астындағы, мойындағы, бұғана үсті, қолтық асты, шат аймақтағы бездері үлкейеді.
Лимфа түйіндерінің пальпациясын жоғарыдан төменге қарай жүргізеді: түйделік, құлақ арты, жақ асты, тіл асты, бұғана үсті және астындағы, қолтық асты, шынтақ, шат аймақты, тізе асты, лимфа түйіндері.
Сүйектер мен буындардың пальпациясында ауырсынумен деформациясын анықтайды. Бұлшық еттердің өзгерісі- атрофия, миалгия, әлсіздігі анықталады.
Терең пальпация
Терең пальпация әдісімен іш қуысындағы мүшелер анықталады. Іш қуысының пальпациясы жылжымалы беткей пальпациясынан басталып, терең жүйелі пальпацияға кіріседі. Ол келесі ретпен жүргізіледі; сигма тәріздес , соқыр, өрмелеу және төмендеу тоқ ішектің бөліктері, асқазан, көлденең ішек, бауыр, көк бауыр, бүйрек.
Тығыз бауыр, көк бауырды анықтау үшін терең басып жіберіп қалатын пальпацияны қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет