Аспапты аускультацияның артықшылықтары:
Тазалығы
Ыңғайлығы
Кіші көлемді мүшелердің дыбысын жеке айырып тыңдауға мүмкіндік береді
Кемшіліктері:
дыбыстың аз да болса өзгеретіні
Кейбір дыбыстардың естілмейтіні
Жалпы медициналық тәжірибеде кәзіргі уақытта тікелей емес, аспапты аускультация қолданылады.
Аускультация ережелерімен техникасы:
Дәрігердің , фельдшердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек
Пациент отырғызып немесе турып туру керек
Бөлме тыныш және жылы болу керек
Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбау керек, қаулап өскен тук болса, оны не сабындап сулау керек, не қырып тастау керек.
Фельдшер, дәрігер аускультацияны өзі үйренген аппаратмен жүргізу керек, өйткені құлақ бір аппаратқа үйренеді
Стетоскоптың түтіктерінің үшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек
Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір-біріне, пациенттің денесіне және дәрігердің киіміне тимеуі керек және дыбыс қабылдайтын қолқанын екі саусақтың арасында қимылсыз қысып ұстау керек
Стетоскоп, фонендоскоптың дыбыс қабылдайтын қолқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек және қолқаны теріге барлық шетімен/ периметрімен/ бірдей тиіп тұруы керек.
Пациентті зерттеудің қосымша тәсілдері
Пациентті қосымша зерттеу әдістерін үлкен 3 топқа бөлуге болады.
Лабораториялық тәсілдер. Оларға лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әр түрлі қанның анализдері, асқазан сөлінің анализі, нәжістің, қақырықтың анализі және т.б
Аспаппен зерттеу тәсілдер. Бұл тәсілдерді пайдалану үшін әр түрлі аспап, құрал- саймандар қолданылады. Мысалы рентгенмен тексеру, электрокардиография, эндоскопиялық ультрадыбысыспен зерттеу әдістер/УДЗ/, радиоизотопты зерттеу, температураны өлшеу, антропометриялық өлшеу т.б.
Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар. Олар: плевраның, перикардтың, төс сүйегінің пункциясы, трепанобиопсия, тері, бұлшық ет биопсиясы, лапоротомия т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |