Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет26/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Несептің жалпы анализі
Несепті зерттеу бүйректің, қуықтың ауруларын білдіреді және глюкоза, билирубин анықталса бүйректен тыс аурулардын бар екенің білдіреді. Несепті жинағанда дәрет алып, құрғақ, таза ыдысқа алу керек, 1,5 сағат артық сақтау болмайды. Жалпы несеп үш бөлімнен құралады: несептің физикалық қасиеттері, химиялық зерттеу, түнбаның микроскопиясы.
Несептің физикалық қасиеттері: Қалыпты жағдайда несептің түсі сары, сабан түсті болады. Несептің түсін урохром А және Б, уробилин және басқада пигменттер құрайды. Патологиялық жағдайда түсі өзгереді: қоныр-сары/ ісінулерде, іш өткенде, құсқанда, іркілген бүйректе/, ақшыл/бүйректің майлануында, бүйректің ұлпасының ыдырауында/, қызыл, қызғылт- сары/қан, гемоглобин араласқанда/ «ет жуындысындай» түсті/гематурияда/ қара кофе тәріздес/ өт пигменттері араласқанда/,қызғылт/аспириннен/ ,көкшіл-жасыл/метилен көгін еңгізгенде.
Несептің мөлдірлігі қалыпты жағдайда- толық, бірақ көп тұрып қалса түсі лайланады. Мөлдірлігі толық, толық емес, лайланған болады. Лайланған түсі- несепте тұздар/фосфаттар, карбонаттар, щавель қышқылының тұздары/ болса және ірің, шырыш, эритроциттерден. Несептің лайланғанын анықтау үшін несебін 3 стақанға жинайды. Пациент дәретін үшке боліп жинайды. Бірінші стаканда өзгеріс болса, оңда патологиялық процесс несеп шығаратын түтікте, екінші порцияда болса, онда қуықта, үшінші порцияда болса онда бүйректе.
Несептің иісі өзіне тән онша өткір емес болады. Аммиак иісі-цистит, пиелит, пиелонефритте болады. Жеміс иіс-қант диабетінде. өте өткір иіс-чеснок, хрен, редька жеген кезде болады.
Несептің реакциясы қалыпты жағдайда ертеңгісін әлсіз қышқыл болады, бірақ тәулік бойы қабылдаған тағамдардың әсерінен өзгеріп отырады. Патологиялық жағдайда қышқыл реакция-аштықта, диабетте, қалтырауда, бүйрек жетіспеушілігінде болады. Сілтілі реакция- цистит, пиелонефрит, іш өтуде, құсуда,сілтілі, минералды су ішкеннен болады.
Несептің салыстырмалы тығыздығы қалыпты жағдайда 1003тен 1026 дейін болады, ол несептегі әр түрлі еріген заттардың концентрациясынан тәуелді болады,
Жоғары тығыздық бүйректің жақсы концентрациялық қызметтерін білдіреді, ал төмен тығыздық бүйректің концентрациялық қызметінің төмендеуін білдіреді немесе бүйрек жетіспеушілікті, 1040-1045 дейін көтерілген тығыздық қант диабетін білдіреді.
Бүйректің қызметін анықтау үшін несепті Зимницкий әдісімен тексереді, бір тәулік бойы 3 сағат сайын несебі жиналып, әр байқаудың мөлшерімен салыстырмалы тығыздығы анықталады. Зерттейтін күні ішетін сүйықтығы 1-2 литрден аспау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет