Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет32/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Асқазан сөлін зерттеу. Асқазан сөлі- түссіз, мөлдір, реакциясы қышқыл сүйықтық, құрамына тұз қышқылы, протеаза және басқада заттар кіреді. Тұз қышқылы асқазанмен тоқ ішектің моторикасын реттейді, бактерицидті әсер береді, асқазан ферменттеріне қалыпты РН құрайды. Протеазалар: пепсин, парапепсин, химозин және басқалар.
Асқазанды функциональды зерттеуінің келесі әдістері:

  1. Зондпен

  2. Зондсыз

  3. Рн метрия/ацидометрия/

Фракционды зонд әдісі- асқазан сөлін жіңішке зондпен алу.
Асқазан сөлін алуға кері көрсеткіштер:

  1. Гипертониялық ауру, жүрек декомпенсациясы

  2. Қансырауға бейімділік, өнешпен асқазанның шырышты қабатының күйіп қалуы, жүктілік.

Зерттеудің бағыты: алдымен қарын сөлін ашқарынға алады, онан кейін бір сағат ішінде 15минут сайын 4 рет алады/ базальды секреция/. Одан кейін сүйық сынамалы қоздырғышты зонд арқылы еңгізіп тағыда бір сағаттың ішінде 4 байқау алады/ қоздырылған секрет/.
Сынамалы қоздырғыштар: 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,025% пентагастрин, 300мл капуста шырыны, кофеин қоздырғышы,300мл 5% спирт ерітіндісі.Лабораторияда 9 байқаудың бәрінін мөлшерін өлшейді, тұз қышқылын жалпы қышқылдықтың көрсеткішін байланған қымқылдықты, пепсинді анықтайды.
Бос қышқылдық/тұз қышқылы/ - асқазанда водород, хлор иондары түрінде болады. Қалыпты жағдайда-20-40ТЕ/титрационды единица/.
Байланған қышқылдық- бұл тұз қышқылының ақуыз молекуласымен байланған түрі: қалыпты жағдайда 10-20ТЕ.
Жалпы қышқылдық- барлық қышқылдар/бос, байланған қышқыл және қышқыл қалдық/ қалыпты жағдайда-40-60ТЕ.
Қарын сөлінің қышқылдығы асқазанның функциональды қалпының тікелей көрсеткіші.Ашқарында тұз қышқылы анықталмайды. Стимуляциядан кейін –8-14 ммоль/сағ, асқазан сөліндегі тұз қышқылынының қалыпты мөлшерін- «қалыптылық» деп атайды, көбейген –«гиперацидтілік», төмендегенін- «гипоацидтілік», болмауын –«анацидтілік» немесе «ахилия» ашқарынға асқазаннан-50-110мл сөл бөлінеді, қоздырылған секреция-100-140мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет