Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет60/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

1.3 Дәріс тезистері.
1.4 ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ: слайдтар, тақырыптық постер, сөз жұмбақтар, ситуациялық есептер
ӘДЕБИЕТТЕР:
НЕГІЗГІ:

  1. Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.

  2. Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» Ростов-на- Дону. Феникс 2002г.

Қосымша:
1.Қағаз және электронды нұсқадағы оқу-әдістемелік құралдар
2. Дидактикалық және көрнекі құралдар
3. Демонстрациялық оқулық фильмдер


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

  1. Жүрек қан тамыр ауруларымен науқастарды тексеру

  2. Науқасқа жалпы қарау жүргізу. Жүрек тұсын, қан тамырларын қарау. Науқасқа пальпация перкуссия аускультация жүргізу. Науқастың пульсін қысымын анықтау

ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1.Жүрек қан тамыр ауруларымен науқастарды тексеру
2. Жүрек қан тамыр ауруларының негізгі клиникалық синдромдары туралы түсінік
3. Науқасқа жалпы қарау жүргізу. Жүрек тұсын, қан тамырларын қарау. Науқасқа пальпация перкуссия аускультация жүргізу. Науқастың пульсін қысымын анықтау

Жүрек - қан тамыр жүйесіне жүрек, қан тамырлары және оның жұмысын реттеп отыратын аппараттар жатады. Жүрек – кеуде қуысының ортасында, үшінші қабырға мен семсер өсіндінің ортасында орналасқан. Жүректің көп бөлігі ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай орналасқан. Қолқа, өкпе артериясы және жоғарғы ұшынан жүректің негізін және төменгі сол жағын табуға болады. Жүректің салмағы – 250 – 350г. Жүрек сол жақ қарыншадан, сол жақ жүрекше және оң жақ қарынша, сол жақ қарыншадан тұрады. Жүрек үлкен және кіші қан айналу шеңбері арқылы ағзаны оттегімен және көректік заттармен қамтамасыз етеді. Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан қолқаға шығуымен басталады. Қолқадан артерия және капилляр арқылы қан ұсақ тамырларға құйылады, одан екі көк тамырлы бағанға ауысады – бұл төменгі және жоғарғы қуысты көк тамыр мен екі бөлек саңылаумен оң жақ жүрекшеге әкеліп құйылады. Жүрек жиырылғанда оң жақ қарыншадан көк тамырлы қан кіші қан айналымға ауысады. Бұл қан айналым өкпе артериясынан басталып, өкпенің капиллярларына, өкпенің альвеоларына тарайды. Осы кезде қан оттегімен қамтамасыз етіп көмірқышқыл газын шығарады. Өкпе капиллярлары ұсақ көк тамырларға ауысып төрт өкпе көк тамырын құрайды. Бұлар сол жақ жүрекшеге келіп қосылады. Жүрек шырышты қапшығы мен оралған (перикард). Перикард екі қабаттан тұрады: ішкі және сыртқы. Перикард диафрагмамен қосылған. Перикардтың қабаттарын арасындағы аз мөлшердегі сұйықтық жүректің еркін жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрек үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы, сыртқы. Ішкі қабат – эндокард деп аталады. Бұнда жүрек камераларына бөлінген екі қос қақпақша және артерио – вентрикулярлы жарты ай тәрізді бөлінген. Жүрек қақпақшаларының ең негізгі қызметі тесіктердің тығыздығын және қанның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Жүректің ең негізгі қабаты – ортаңғы қабат, миокард. Оң жақ жүрекшенің қозуынан жүрек жиырылады. Жүректің жұмысына бас миының сыртқы қабаты, ал жүректен келген импульстерге орталық нерв жүйесі әсер етеді: алдымен жүрекше жиырылады, бұл кезде қарынша босайды, содан соң қарынша жиырылады, жүрекше босаңсиды. Қарынша мен жүрекше босаңсығанда қысқа уақытқа үзіліс пайда болады, содан кейін цикл қайталанып отырады. Миокардтың жиырылуын систолдық деп аталса, ал жүректің босаңсығаның және кеңеюін диастола деп атайды. Үзіліс кезіңде қан өкпе жүрекшесі мен көк тамырларына құйылады. Жүрекше жиырылу кезіңде қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға құйылады. Бұл кезде қақпашалар қарыншаға ашылады. Қарыншаның жиырылу кезіңде қан қысыммен сол жақ жүрекше мен қарыншаның қақпақшаларын жабады. Қан ағымымен қолқа қақпақшалары ашылып қан ортаға құйылады.




4 сурет Жүректің алдыңғы
жағынан қарағандағы көрінісі:
1 - жоғарғы қуыс көктамыры;
2 - қолқа иінінің жоғары өрлеген
бөлігі;
3 - дененің жоғырғы жағына
таралатын артериялардың
қолқадан бөлінетін тармақтары;
4 - қолқаның иіні;
5 - өкпе көктамырлары;
6 - жүректің сол жақтағы
құлақшасы;
7 - сол жақтағы күмбез артериясы;
8 - үлкен күмбез көктамыры;
9 - жүректің сол жақ қарыншасы;
10- оң жақ қарынша;
11 - жүректің оң жақ құлақшасы;
12 - оң жақтағы күмбез артериясы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет