Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Жүректің жоғарғы шекарасын аныктау



бет65/163
Дата27.09.2024
өлшемі2.31 Mb.
#504077
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   163
лекц комплекс ішкі ауруларпропедевтикасы 3

Жүректің жоғарғы шекарасын аныктау үшін саусақты төстің сол жақ шетінен 1-1,5 см алшақ төске келденең қойып, екінші қабырға аралығынан бастап, төмен қарай жылжыта перкуссия жасайды. Жоғарыдағыдай тек қабырғалардың арасынан псркуссия жасамай, қабырғаның үстінен де соғып анықтауға болады. Перкуссияны өкпенің ашық дыбысынан жүректің бәең дыбысына дейін жасайды, белгіні ашық дыбыс жағынан қояды. Қалыпты жағдайда ол үшінші қабырғаға сәйкес келеді. Жүректің жоғарғы шекарасын өкпе бағанасының конусы мен сол жақ жүрекшенің құлақшасы құрайды.
Жүректің көлденең өлшемін аныктау үшін жүректің салыстырмалы шекарасын анықтау, оның көлденеңін білуге айтарлықтай жәрдемдеседі. Ол үшін жүректің оң жақ шекарасынан, төртінші қабырға аралығымен төстің орталық сызығына дейінгі қашықтықты анықтайды. Ол қалыпты жағдайда 3—4 см-ге тең. Кейін бесінші қабырға аралығымен жүректің сол жақ шекарасынан бастап орталық сызыкқа дейінгі аралықты өлшейді. Бұл қалыпты жағдайда 8-9 см. Барлығын қосқанда жүректің салыстырмалы шекарасының көлденеңі 11-13 см-дей болады.
Жүректің конфигурациясын анықтау үшін алдымен бұғана ортасынан өтетін сызық үстінен саусақты тоске қарай параллель қойып, екінші қабырғаның деңгейінде бәсең дыбыстан тұйық дыбысқа дейін саусақ плессиметрді жылжытады. Тұйық дыбысқа келгенде саусақтың бәсең дыбысы жағынан белгі қояды. Оң жақтан да, сол жақтан да төстің шетіне қараған орын, бұл міне қан тамырларының шоғырының ені болып есептелінеді. Енді жүректің салыстырмалы шекарасын оң жақтан үшінші, төртінші; сол жақтан үшінші, төртінші, бесінші қабырға арасынан табады. Осы табылған нүктелерді қосып демографиялық сызық жүргізсек, жүрекгің конфигурациясы шығады.
Сау жүректе қарыншаның қолқаға түскен жерінде, яғни жүректің сол жақ контурында езіне тән орыны болады. Бұл негізінен қан тамырларынан тұрады. Осы бұрышты жүректің "белі, мықыны" деп атайды. Бұл сол жақ жүрекшенің орналасуына қарай анықталады.
Жүректің абсолютті тұйықтық шекарасьн аныктау үшін салыстырмалы тұйықтықты, жүрек конфигурациясын анықтағаннан кейін, жүректің абсолютті тұйықтықты құрайтын шекарасын анықтауға кірісеміз. Бұл жүректің тікелей кеудеге тиіп тұратын, өкпемен жа-былмаған алдыңғы беті немесе бөлігі болып табылады. Әрине, бұл бөлікті перкуссия жасағанда абсолютті тұйық дыбыс естіледі, ол жүректің сол жақ қарыншасынан тұрады. Абсолюттік тұйықтықты анықтауда сол жоғарғыда айтылған перкуссия ережесін сактай отырып орындалуы тиіс. Одан айырмашылығы сол, бұл ретте әлсіз, бәсең перкуссия әдісі қолданылады. Плессиметр саусақты анықтайтын шекарамызға параллель қойып, салыстырмалы тұйықтық шекараларынан бастап бәсең дыбыстан абсолютті тұйықтықка дейін жылжыта перкуссия жасалынады. Абсолютті жүрек тұйықтығын анықтау, жоғарғы салыстырмалы тұйықтықты анықтағандай, алдымен бірінші оң жақ, кейін сол жақ және жоғарғы шекараларын анықтау тәртібімен жүргізілуі керек.
Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтық шекарасын анықтау үшін плессиметр саусақты жүректің сол жақ салыстырмалы тұйықтығының тұсына, төске параллель қойып, өте жай күшпен ақырындап, абсолютті тұйықтық естілгенге дейін, төске қарай жылжыта соғады. Тұйықтық естілген жерде тоқтап, плессиметрдің сыртқы жиегінен, салыстырмалы тұйықтық жағынан белгі қояды. Қалыпты жағдайда абсолютті тұйықтық төстің сол жақ жиегінен өтеді.
Жүректің сол жақ абсолютті тұйықтық шекарасын анықтау үшін жүректің сол жақ абсолютті тұйықтығын анықтаған кезде плессиметрді жүректің сол жағына оның салыстырмалы тұйықтығының шекарасының сырт жағынан орналастырып, ішке қарай тұйық дыбыс шыққанша жылжыта соғады. Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті тұйықтығының сол жақ шекарасы салыстырмалы тұйыктық шекарасынан 1-2 см ішке қарай орналасады.
Жүректің абсолютті тұйықтығынын жоғарғы шекарасын аныктау үшін плессиметрді жүректің жоғарғы салыстырмалы тұйықтығының жоғарғы шекарасына орналастырып, төмен қарай, тұйық дыбыс шыққанша, жылжыта соғады. Белгіні саусақтың жоғарғы жиегіне қояды. Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті тұйықтығының жоғарғы шекарасы төртінші қабырға тұсына орналасады. Кейбір жағдайларда перкуссияны жүректің абсолютті тұйықтығынан салыстырмалы тұйықтығына қарай жасайды.
Қан тамырлар шоғырының шекарасын анықтау үшін перкуссия жасау өте қиын және күрделі болады, себебі қан тамырлар шоғыры кеуденің жоғарғы аймағында орналасуынан.Бұл жерде өкпе дыбысы ашық, қатты шығады, сондықтан қан тамырларының бәсең дыбысын ажырату қиынға түседі. Плессиметрді теске параллель, екінші қабырға аралығына қойып, ортаңғы бұғана сызығынан төске қарай жылжытамыз, сөйтіп оң жақтан, сосын сол жақтан анықтаймыз. Дыбыс бәсеңдеген жерде саусақтың сыртқы жиегінен белгі қою керек. Қан тамырлар шоғырының ені қалыпты жағдайда 5—6 см. шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   163




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет