Клиникалық бейнесі. Аяқ астынан жалпы жағдайы бұзылып, басы айналып, құлағы шулайды, көзі қарауытып, бұлдырлайды. Әртүрлі психикалық мәнбірлердің әсерінен науқас бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін есін жоғалтады. Науқастың терісі боз, суық. Көз қаршығы кішірейген, жарыққа серпілісі жоқ. Тамыр соғуы әлсіз, брадикардия білінеді. Қан қысымы қалыпты немесе сәл төмендейді.
Есенгіреу. Бұл тамыр жеткіліксіздіктің ауыр түрінің бірі. Есенгіреуде шеткі қан қысымының бұзылуынан қан қысымы күрт төмендеп, бүкіл ағзадағы мүшелер қан мен қамтамасыз етілу дәрісі бұзылады. Есенгіреуге әкеліп соқтыратын себептерге өткір миокард инфарктісі, жұқпалы аурулар, улану жағдайлары, қанның көп мөлшерде бірден жоғалуы, дене қызуының күрт төмендеуі жатады.
Клиникалық бейнесі. Әуелі әлсіздік, содан соң бастың айналуы, басының ауыруы, құлағының шулауы білінеді. Науқастың көзінің алдында елес пайда болады, көзінің көруі төмендейді, аяқ қолдары мұздайды. Негізінде науқастың есі сақталады, бірақ науқастар тежелгіш болып келеді, қоршаған ортаға араласпайды, аяқ қолдары мен бет бұлшық еттерінде дірілдеу байқалуы мүмкін. Рефлекстері бастапқыда төмендеп, содан соң жоғалып кетеді, көз қарашығы кеңейеді, жүрек жұмысының қабілеті әлсізденіп, науқас өліп кетуі мүмкін. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары бастапқыда ақшыл түсті, ал содан соң жабысқақ тер білінеді. Науқастың еріні қолдың саусақтары, аяқтары көгере бастайды. Бет әлпеті өзгеріп, көз қарашығы кішірейеді. Тері асты көк тамырлары босап, анықталуы қиындайды. Білек артериясында тамыр соғуы жиі және әлсіз. Дем алуы беткей, жүректің жұмысы әлсізденіп, дыбысы жөнді естілмейді, қан қысымы төмендейді.
Жүрек демікпесі. Жүрек жетіспеушілігі дегеніміз миокардтың жиырылу қызметінің әлсізденуі. Себептері миокардтың әлсізденуі. Жүрек демікпесі тұншығуға әкелетін, кенеттен пайда болған демікпе ұстамасымен болатын, өткір пайда болатын сол жақ қарыншаның жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі. Сондықтан кіші қан айналу шеңберінде қан тұрып, жиналып қалады және өкпеде газ алмасу дәрісі бұзылып, көмірқышқыл құрамы көбейіп, артериялды қанда оттегі деңгейі төмендейді. Мүшелерде, әсіресе орталық жүйке жүйесінде қан мен қамтамасыз етуі азаяды. Дем орталығының қозуы көбейіп, тұншығуға, демікпенің дамуына әкеледі. Өкпедегі қанның тұрып қалуы бронхының рефлекторлы түрде тарылып қалуына және оның саңылауларынан шырышты сұйықтықтың сыртқа шығуы, өкпе ісігіне әкеліп соқтырады. Жүрек демікпесі артериалды гипертензиясы бар, өткір миокард инфарктісі, кардиосклероз, миокардит, жүректің қолқа ақауы және митральды стенозы бар науқастарда бас миының қан айналымы бұзылғанда, бас миының қан айналысының жетіспеушілігі дем орталығына әсер етіп, кардиосклерозбен қосылып жүрек демікпесіне әкеледі. Жүрек демікпесінің ұстамасы әдетті түрде түнде ұйқы кезіңде дамиды. Науқас кенеттен ауаның жетіспеушілігінен (тұншығудан) және өлім қорқынышынан оянып кетеді. Тұншығу кей кезде қатты жөтелу мен сипатталады. Науқасқа оттегінің жетіспеушілігі соншалықты, дем алу үшін науқасты төсекке отыруға мәжбүрлеп, аяғын төмен қарай түсіріп немесе ашық тұрған терезеге барып қана дем ала алады (егер жағдайы осыған жетсе). Науқас төсекте отырған кезде кереуеттің екі жанынан ұсталып отырады. Ұстаманың алғашқы кезеңдерінде науқастың бетінен қорқыныш сезімін, көзінің үлкейгендігін, мазасыздықты көріп, байқауға болады. Тері және терінің шырышты қабаттарында ақшыл түс содан кейін көгеру пайда болады. Науқастан сонымен қатар қатты терлегенің, мойын көк тамырларының үлкейіп, шығып тұрғаның байқауға болады. Оттегінің жетіспеушлігі аралас мінездемелер мен сиаптталады. Созылмалы жөтелдің болуының әсерінен қақырық қан аралас болады. Тамыр соғуы жиі, кейде аритмиялық. Қан қысымы ұстаманың алғашқы кезіңде қалыпта болып, содан кейін күрт түсіп есенгіреуге дейін әкелуі мүмкін. Қан қысымының төмендеуінен қан тамырының қан мен толықсуы төмендеп, жүректің тонусы естілмейді. Дерт анықтамасын қоюға көмектесетін негіз ол тыныс алу мүшелеріндегі өзгерістер болып табылады. Демнің 1 минуттағы көрсеткіші 40 – 60 –қа дейін барады. Өкпенің төменгі жағында дымқыл сырылдар естіледі. Жүрек демікпесінің өту ағымы мен болжамы әртүрлі айырмашылықтармен сипатталады. Мұның себебі, жүрек астмасының бір ұстамасы кенеттен басталса, ал екінші ұстаманың бір түрі науқастың жүрек соғуының жиілеуі, оттегі жетіспеушілігінің жиілеуі, құрғақ жөтелдің болуы, жалпы жағдайының нашарлауымен сипатталады. Кейде ұстама біршама ұзақ уақытқа созылып, өкпенің ісінуіне, есенгіреуге, дем алу орталығының тежеліп, бұзылуына әкелуі мүмкін. Осы кезде яғни, жүрек демікпесінің ұстамасында дұрыс шұғыл жәрдем шараларын өткізу және емдік, күтім шараларын нақты түрде өткізе алу үшін жүрек астамасының ұстамасын бронхиалды демікпенің ұстамасынан айыра білу медицина қызметкеріне өте маңызды болып табылады.
Өкпе ісінуі. Өкпе ісінуі деп өкпе тініне шырышты сұйықтықтың жиналып қалуын айтады. Бұл өкпе ісінуіне қатысты клиникалық сипаттамасы - ол ауыр түрдегі ұстамалы тұншығу және оның науқастың өміріне қауіп төндіруі болып табылады. Өкпе ісінуі жүрек демікпесінің әсерінен пайда болмай сондай – ақ аяқ астынан дамуы да мүмкін. Сонымен қатар өкпе ісінуі крупты пневмонияның әсерінен, кеуде және бас жарақатынан, бүйректің созылмалы ауруының әсерінен, ми қан айналысының өткір бұзылуынан, күрделі аллергиялық серпілістердің әсерінен, ауыр жұқпалы уыттану аурулардың және уытты өкпе ісінуінің әсерлерінен дамуы мүмкін. Өкпе ісінуінің патогенездік айырмашылықтарына қарамастан клиникалық көрінісі негізінде біртекті болып өтеді. Жүрек демікпесінің қарқынды ұстамасы науқастың қатты қиналып тұншығуына және ақшыл – қызыл түсті көп мөлшердегі көпіршік тәрізді қақырықтың бөлінуіне әкеліп соғады. Кейде науқас өз қақырығынан тұншығуы мүмкін. Өкпені тындаған кезде дымқыл сырылдар естіледі. Қан қысымының төмендеуі, қан тамырының толықсуының азаюы, тахикардия, жүректің тонусы әлсіз болады.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дегеніміз – ағзалар мен тіндердің қалыпты жағдайда жұмысын атқаруына керекті қан көлемімен қан айналым жүйесі қамтамасыз ете алмайтын патологиялық жағдай. Қан айналымы жеткіліксіздігінің дамуы негізінде, қан қысымының көтерілуі, жүрек қуыстарында қан көлемінің артуы немесе миокардтың жиырылу қабілетінің әлсіреуі. Жіктелуі (Н.Д.Стражеско, В.Х.Василенко, 1935ж)
І кезең – бастапқы. Физикалық күш түскенде науқас ентігуге, әлсізденуге, жүректің жиі соғуына шағымданады. Гемодинамика өзгермейді.
ІІ А кезеңі – гемодинамика сәл бұзылады, жүректің бір бөлігінің қызметі нашарлайды.
ІІ Б кезеңі – гемодинамика өзгерістері айқын білінеді, кіші және үлкен қан айналымдары бұзылады.
ІІІ кезең – дистрофиялық кезең. Зат алмасу дәрісі бұзылып, іш мүшелері қызметінен айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |