Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Медициналық барлау ТЖ аймағындағы санитарлық – індеттік жағдайды анықтау 
үшін ұйымдастырылады. Оның жүргізілуіне медициналық құрылым, бөлімшелер, 
мекемелер және арнайы медициналық барлау топтары тартылады. Медициналық 
барлау: 
 
зақымданған ошақ аумағын; 
 
биологиялық құралдарға индикация жүргізеді; 
 
зақымданғандардың саны мен жағдайын анықтайды; 
 
зақымданғандарды емдеу мекемесіне және медициналық құрылымды барлау 
орындарына көшіру алдында, оларды орналастыратын орындарды анықтайды; 
 
жұмыстың көлемі мен оларды жүргізуге қажетті тартылатын күш пен 
құралдардың санын анықтайды. 
Биологиялық барлау жергілікті жердің, ауаның, судың, азық–түліктердің 
зақымдануын анықтау үшін, зақымданған шекараны анықтау, зақымдану әсеріне 
душар болған адамдарды тауып алу, жасалатын жұмыстың көлемі мен сипатын 
анықтау үшін жүргізіледі. Ол ауадан, топырақтан, өсімдіктерден, әртүрлі заттар мен 
нұсқалардың үстіңгі беттерін шайып өтулерден, зерттеу үшін іріктеп алынған 
жәндіктер мен кеміргіштерден сынама алу жолы арқылы жүзеге асырылады. 
Іздестіру – құтқару жұмыстары барлаумен бірге бір мезгілде де, ол аяқталғаннан кейін 
де жүргізіле береді. Оның әрі қарай дамуын бақылап тұру үшін ТЖ жойылмайынша 
барлауды 
тоқтатпау 
қажет. 
Әуе барлауы ұшақтардың, тік ұшақтардың және басқа да ұшатын аппараттардың 
көмегімен, көзбен шолып қарау және дозиметрлық бақылау, суретке түсіру және 
теледидарлык трансляциямен жүзеге асырылады. Алынған ақпарат картаға түсіріледі 
немесе 
радио 
арқылы 
жұмысты 
басқарушыға 
хабарланады. 
Су барлауы суда немесе судың астында болған ТЖ туралы нақты мәліметтерді алу 
және анықтау мақсатында ұйымдастырылады. Бұл мақсаттар үшін қайықтар, 
кемелер, су асты аппараттары, сүңгуірлер қолданылады. Су барлауының басты 
міндетіне: 
 
ТЖ сипатын бағалау және зерттеу 
 
зардап шеккендерді іздестіру және оларға көмек көрсету; 
 
жоғалып кеткен немесе суға батып кеткен нысаналарды іздеу, олардың 
жағдайын бағалау және көмек көрсету нұсқаларын дайындау; 
 
суға радиологиялық және биологиялық бақылау жүргізу; 
 
жағдайларды білу және оның даму болжамын әзірлеу; 
 
дабыл белгілерін орнату; 
 
гидротехникалық ғимараттың жағдайын (тосқауыл, бөгет, шлюздер, су асты 
іргетастар) анықтау жатады. 
Жер асты барлау жер астындағы (шахталардағы, метролардағы, үңгірлердегі, жер 
асты ғимараттарындағы) ТЖ туралы мәліметтерді зерттеу және анықтау мақсатында 
жүргізіледі. 
Оны 
жүргізу 
кезінде: 


23 
 
жердің астына түсетін; 
 
жағдайды бағалап, ол туралы басқарушыға баяндайтын
 
зардап шеккендерді іздеп және оларға көмек көрсететін; 
 
жердің 
бетіне 
оралатын 
құтқарушылардың 
қауіпсіздігіне 
мұқият 
назар аудару қажет. 
8 дәріс. Зардап шеккендерді іздеу – ережесі. әдістері. тәсілдері 
Жалпы сұрақтар 
1. Көзбен шолу әдісі 
2. Есту әдісі (дыбысты) 
3. Техниканы пайдаланып іздеу 
ТЖ зардабын жою кезінде зардап шеккендерді іздеу және оларға бірінші 
медициналық көмек көрсету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. 
Зардап шегушілерді іздеу, барлаудың нәтижесімен танысудан, жұмыс жүргізу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет