Дәрістер жинағы «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы»



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата01.12.2023
өлшемі1.09 Mb.
#485134
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
4920789353740 Калелова Г.Ж. Лекция Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы

Ауыр жарақат алған зардап шегушілерді басып қалудан босату кезінде, оларды 
тасымалдау алдында зақымданған ұлпалардағы қан айналымына түрткі 
болмайтындай етіп босатып алу керек. Көмек көрсеткенде асықпай, рет – ретімен 


29 
ауырғанын сездірмейтін, плазмасы бар қосынды жіберіп, мол сусын ішкізіп, 
зақымданған аяқ – қолдарды бинтпен таңып, суық басып, бұрау және таңғыш 
тақтайшалар 
салу 
керек. 
 
Ауыр науқастар реанимациялық терапия және хирургиялық емдеу жүргізуді 
керек етеді. Сондықтан олар стационарлы емдеу мекемесіне жіберілулері керек. 
Егер ауыр науқастарды емдеу мекемесіне жеткізу мүмкін болмаса, онда зардап 
шегушінің келісімін алып, сол жерде аяқ – қолдардағы бұрауларды шешпей 
кесуге кірісу керек. 
№ 10 дәріс. Зардап шеккендерді тасымалдау 
Жалпы сұрақтар 
1. Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар 
2. Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдау 
3. Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары 
Кез келген ТЖ жағдайын жою кезіндегі ІҚЖ – нің өте маңыздысы зардап шегушілерді 
тасымалдау. 
Тасымалдаудың тәсілдері мен құралдары нақты жағдайлар мен шарттарды, соның 
ішінде ТЖ сипатын, зардап шегушілердің табылған орындарын, жарақаттану 
дәрежесін, қолда бар арнайы қажетті құралдарды және тасымалдау қашықтығын 
ескере отырып анықталады. Тасымалдау кезіндегі жанын жеген ауру зардап 
шегушілердің жағдайларын нашарлатады және есінен тандырады. Зардап 
шегушілерді тасымалдау әртүрлі ортада қауіпті және зиянды заттар бар болса (ауада, 
суда, сусымалы материалдарда) қолмен бір немесе бірнеше құтқарушымен арнайы 
құрылғы құралдарын және сол құралдарын пайдалану немесе оларсыз, көлденеңінен, 
еңкейтіп жүзеге асырады. Кейбір жағдайларда тасымалдауды автомобильдік, 
авиациялық, темір жол, су, көлік транспорттарын пайдалу арқылы жүргізеді. 
Зардап шегушілерді тасымалдау кезінде пайдаланылатын негізгі шаралар: 
 
тасымалдау тәсілін анықтау; 
 
зардап шегушілерді арнайы құрылғыларға және қолда бар көлік құралдарына 
дайындау; 
 
жолды анықтау; 
 
зардап шегушілерді және құтқарушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету; 
 
тосқауылдарды игеру, зардап шегушілердің жағдайын бақылау, демалуды 
ұйымдастыру; 
 
зардап шегушілерді көлік құралына тиеу. 
Зардап шегушілерді тасымалдайытын әдістерді, құралдарды, жағдайларды тандауда 
басты кезекте жарақаттың түрлері, ауру сипаты орын алады. Дұрыс қабылданған 
шешім зардап шегушінің өмірін сақтап қалады олардың қиналуларын жеңілдетеді 
және тезірек сауығып кетулерін қамтамасыз етеді. Зардап шегушілерді арқасымен, 


30 
ішімен, қырымен, жатқызып, отырғызып тасымалдайды. Сонымен қатар басы 
көтеріңкі немесе түсірулі, аяқтары созылған немесе бүгілген болуы мүмкін. Бұл 
мақсат үшін жұмсақ білікшелер қолданылады. Зардап шегушілерді тасымалдаудың 
ең бір ұтымды ұсынылған және таралған әдісі зембілді пайдалану. Зембілдер штаттық 
(медициналық) немесе қолдан жасалған (ойдан шығарылған) болып келеді. Соңғысын 
жасау үшін ұзындығы 1,5-2,0м екі қада қажет (таяқ, шыбық) олардың арасына 
тығыздалған 
мата, 
пальто, 
шинель, 
арқанды 
байлап 
қою 
қажет. 
Зардап шегушіні зембілмен екі, үш, төрт адам ғана алып жүре алады, сонымен қатар 
сақтықпен, зембілді теңселтпей, өр және құлама жерлерде үнемі зембілді дұрыс 
қалыпта (көлденеңнен) қадағалап отыру керек. Зардап шегушіні зембілге келесі түрде 
жатқызады. Бір құтқарушы қолын бастың және белдің астына, келесісі – жамбас пен 
аяқтың астына қойып бір уақытта көтеріп жатқызады. Әдетте зардап шегушіні 
аяғымен 
алға 
қарай 
жатқызады. 
Тосқауылдарды игеру үшін (терезе ойығы, қираған қабырға, шарбақ) қажет: 
 
зембілді жерге тосқауылдың алдына қояды; 
 
зембілдің екі жағынан тұрып, қолмен зембілдің ағаштарынан ұстайды; 
 
зембілдің бас жағын аздап көтеріп оны бөгетке қояды; 
 
құтқарушының біреуі тосқауылды аттап өтеді
 
зембілді тосқауылдың үстімен бір мезгілде көтеріп әкеліп, оған жақын жақ 
аяғын түсіреді; 
 
тосқауылды келесі құтқарушы аттап өтеді; 
 
зембілді жерге қояды да бір мезгілде көтереді, қозғалыс осылай қайталана 
береді. 
Осындай әдістермен жарықтардан, шұңқырлардан, саңылаулардан да өтеді.
Зардап шегушіні зембілмен биіктіктен түсіру қажет болған жағдайда оны зембілге 
берік байлап қою қажет. Түсіру тік немесе көлденең жағдайда жүзеге асырылады. 
Тасымалдау уақытында құтқарушылар үнемі зардап шеккендердің жағдайына (дем 
алуына, тамыр соғуына, өзін ұстауына) көңіл аударуы керек және егер бұл қажет 
болса медициналық көмек көрсету қажет (жасанды дем алдыру, дәрі жіберу, жүрекке 
массаж жасау, ауырсынуды басу). Тасымалдау кезінде үлкен қашықтыққа дем алуға, 
тамақ ішуге және гигиеналық шаралар жүргізуге уақыт бөлу қажет. 
Жылдың суық уақыттарында суықты ескерту үшін шаралар қолдану керек (зардап 
шегушіні қалың матамен жабу, жылы сусын беру, жылытқы пайдалану). Зардап 
шегушіге құтқарушының сенімді іс – әрекеті, оның моралдық – психологиялық 
қолдауы 
өте 
маңызды. 
Адамдардың жаппай зақымдануы кезінде зардап шегушілерді тасымалдауда дұрыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет